«Жас сарапшы» республикалық байқауы
2015 жылдан бастап «Capital Bank Kazakhstan» АҚ қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы және «Geneva Business School»АҚ жас мамандарға арналған республикалық «Жас сарапшы» байқауы өткізіліп келеді. Байқаудың мақсаты жас мамандарды ғылыми және сарапшылық қызмет түрлеріне ынталандыру, экономика, қаржы және бизнес саласындағы білім мен біліктілік денгейін көтеру.
Байқау жасы 35-ке дейінгі бакалавр дәрежесі бар және ағылшын тілін жақсы меңгерген жас мамандар үшін ашық.
Жеңімпаздар білім беру гранты мен қоса Geneva Business School-дың астаналық өкілдігіндегі MBA бағдарламасы бойынша оқуға жеңілдіктер алады.
Әдетте байқау III кезеңмен өтеді:
I кезең барысында қатысушылар берілген тақырыпқа орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде эссе және өтініш жіберді. I кезеңнің нәтижесі бойынша сарапшы комиссия мүшелерімен белгілі бір адам саны іріктелініп алынады.
II кезеңде байқауға қатысушыларға қазақстандық алғашқы бизнес-кейс жинақтарынан «Bolashak business cases» тапсырма беріледі.
III кезеңде конкурстық комиссия мүшелері әр лауреатпен жеке сұхбат өткізеді.
Қосымша ақпарат +7(7172) 707 669 телефоны бойынша.