Біз кімбіз?

БізҚазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері, озық жас мамандар – еліміздің болашағымыз!
Бізді жақындарымыздың, еліміздің, туған халқымыздың болашағы толғандырады. Сондықтан да, біз оны дәл қазір өз қолымызбен құрудамыз.
Бірге біз гүлденетін, тұрақты, бәсекеге қабілетті Қазақстанды жасаудамыз. Ертең қандай елде тұратының сені толғандырса -

ҰСЫН! ЖАСА! ЖҮЗЕГЕ АСЫР!

Шетелде және Отанымызда біз президенттік бағдарламаның белгісі болып табыламыз. Мемлекет басшысы бізге сенім артып, өз үмітін бізбен байланыстыратындықтан біз Қазақстан халқының болашағы үшін жауаптымыз.

Қауымдастық мүшесі – қазақ болғандықтан, Қазақстанда туылғандықтан немесе мемлекеттік тілді жетік меңгергендіктен емес, өз мүддесі үшін ғана емес, қазақстандық мемлекеті үшін еңбек етуге әзір болғандықтан патриот болып табылатын азамат. Қауымдастық мүшелері бүкіл елдің гүлденуі әрбір азаматтың әл-ауқатына байланысты екенін түсінеді, өз жанұясымен шектелмей қоғам үшін қызмет етуге әрдайым дайын.

Қауымдастық мүшелері – өз мүмкіншіліктерін, дарындарын толығымен қолдануға, негізгі қызметтен басқа да шаралармен айналысуға ниетті белсенді озық жастар.
Біз біліммен, тәжірибемен бөлісу үшін, кәсіби қоғамдастықтың неігізін қалау үшін, зияткерлік ұлтты қалыртастыру үшін, дәстүрлерді сақтап, дамыту үшін ерікті және эксперттік мүмкіншіліктерді игеруге жағдай жасаймыз.

Әріптестермен, жақындармен, достармен біліміміз бен идеяларымызбен бөлісе отырып, өзімізді, жанымыздағыларды, олай болса, елімізді, бизнесті, азаматтық қоғамды дамытудамыз. Айналамыздағы өмірімізді жақсарты, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына үлес қосудамыз.

«Болашақ» - еліміздің Қауымдастық дәл қазір жасап отырған болашағы.

ЧТО ТЫ МОЖЕШЬ ДАТЬ АССОЦИАЦИИ?

ИДЕИ И ПРОЕКТЫ по совершенствованию жизни вокруг себя  

ҚАУЫМДАСТЫҚ САҒАН НЕ БЕРЕДІ?

МҮМКІНШІЛІКТЕР МЕН ПІКІРЛЕСТЕР
Қабілеттер мен дарынды жүзеге асыру, идеялар мен ұмтылыстарды іске асыру

«БОЛАШАҚ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ — бұл

Білім трансферті

  • Білім көрмелері мен ғылыми-практикалық конференциялар
  • Сыни ойлау қабілеттерін дамытуға, инновациялық жобаларды алға бастыруға, ақпараттар ағымында жол табуға, кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған мастер-класстар мен тренингтер
  • Студенттерге ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларының жүзеге асырылу механизмдерін түсіндіруге бағытталған дәрістер мен кездесулер
  • Кәсіптік және тұлғалық өсу мәселелері бойынша коучинг

Идеялардың тудырылуы

  • Өзекті мәселелер бойынша кең пікірталастарға бастама болу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру, құқық, агробизнес, қазақстандық интернет-кеңістік, IT, Қауымдастықтың баспасөз клубы мәселелеріне арналған сараптама топтарының қызметін ұйымдастыру.
  • Эксперттік қоғамдастықт ұйымдастыру: форсайт семинарлар, кездесулер, бастама алаңдары, интерактивті ойлар фабрикасы, зияткерлік шеберханалар, инновациялық байқаулар
  • Жастар мәселелері жайлы ақпарат жинау және ол мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін іс-шаралар ұйымдастыру.

Қайырымдылық

  • Қазақстанның балалар үйінің тәрбиеленушілері арасынан жас дарындарды анықтап, олардың кәсіптік дамуына қолдау көрсету
  • Қайырымдылық акцияларының өткізілуіне ақпараттық қолдау көрсету және ықпал ету
  • Жетім балалар үшін тұлғалық мәдениеттің дамуына, әлеуметтік бейімделуге, кәсіби біліктіліктің арттырылуына бағытталған мастер-класстар өткізу.

Дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығының сақталуы

  • Стипендиаттардың өзара тәжірибе алмасуы
  • Менторлер Ұлттық мәдени-сауық іс-шаралар
  • «Қоғамдық елшілердің» міндетін атқару, шетелде Қазақстанның жағымды бейнесін қалыптастыру

Жобалар

  • Жыл сайын өткізілетін «Болашақ: әлеуетті игеру» түлектер Форумдары
  • «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің зияткерлік, шығармашылық, жеке әлеуетін игеру мақсатымен өткізілетін Бизнес-форумдар, Бос қызмет орындары жәрмеңкелері
  • Мемлекеттік және бизнес құрылымдарда оқу және өндірістік практика мен стажировка ұйымдастыру
  • Жастар кадрлық резервін қалыптастыру
  • Call-орталығы - «Болашақ» стипендиясының өзекті мәселелері бойынша дереу ақпарат беру 
  • HR-орталығы - түлектердің біліктілігіне, тәжірибесіне, қабілеттеріне сәйкес жұмысқа орналыстырылуына ықпал ету.  

Құжаттар