ҚАУЫМДАСТЫҚ ТАРИХЫ
2001 жылға қарай барлық түлектерді біріктіретін, олардың мәселелерін шешуге атсалысатын, қоғамдық институттардың әртүрлі деңгейінде мүдделерін қорғайтын, сондай-ақ «болашақтықтардың» әлеуетін маңызды қоғамдық мәселелерді талқылау мен шешуге бағыттайтын ұйым құру қажеттілігі туындады.
Осылайша, 2001 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегерлері түлектер қауымдастығын құрды.
Ұйымның негізгі қозғаушы күші — елдің прогрессивті жас мамандарынан құралған бағдарлама түлектері болды.