Миссия

Түлектердің көшбасшылық әлеуеті мен халықаралық тәжірибесін біріктіру арқылы Қазақстанның дамуына үлес қосу.

«Болашақ» Қауымдастығы өз миссиясын жүйелі түрде жүзеге асырып, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді. Қауымдастық бірқатар басым бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді. Олардың қатарында: денсаулық сақтау, білім және ғылым, бизнес, туризм, мәдениет, спорт, медиа, сондай-ақ заң мен тәртіп бағыттары бар.

Бұл бағыттардағы жұмыстар қауымдастықтың салалық клубтары арқылы іске асырылады. Клубтар сарапшылар мен тәжірибелі мамандарды біріктіріп, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған нақты жобалар мен бастамаларды жүзеге асырады.

Бүгінде клубтар білім алмасу, жаңа идеяларды дамыту және халықаралық тәжірибені енгізу алаңына айналып отыр. Бұл өз кезегінде «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің ел экономикасы мен қоғамның негізгі салаларына тұрақты үлес қосуына мүмкіндік береді.