«Болашақ» қауымдастығының 2017 жылға дейінгі стратегиясы

Таныстырылымын pdf пішінінде қараңыз.

«Болашақ» қауымдастығы кеңесі (бұдан әрі – Қауымдастық) жұмысының мақсаты бірлестіктің миссиясын одан әрі іске асыру, бұрын әзірленген қызмет бағыттарының сабақтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлт көшбасшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында айтқан бағыты мен бастамасын іске асыру болып табылады.

Қауымдастық кеңесі жұмысының стратегиялық бағыттары мен міндеттері

  1. Қауымдастықтың тиімділігі мен іскерлілігін арттыру:

Міндеттері:

  • жұртшылықтың Қауымдастық қызметіне қызығушылығын арттыру және абыройлы атағын ұстап тұру;

  • Қауымдастықтың қаржылай өзін-өзі жеткілікті етуін қамтамасыз ету.

  1. Кәсіпкерлік бастамаларын қолдау:

Міндеттері:

  • идеяларды коммерциаландыру және қолданыстағы бизнесті дамыту;

  • тәлімгершілікті ұсыну.

  1. Білімі мен тәжірибесін біріктіру және практикалық қолдану:

Міндеттері:

  • кәсіпкерлік саласында сапалы білім беру қызметтерін ұсыну;

  • кәсіби сараптамалық қауымдастығын қалыптастыру.

  1. Әлеуметтік бағдарланған міндеттерді іске асыру:

Міндеттері:

  • қайырымдылық қызметін жүзеге асыру және халықтың әлеуметтік осал жіктеріне көмек көрсету;

  • мемлекеттік тілдің және мәдениеттің мәртебесін арттыру;

  • спортты және саламатты өмір салтын насихаттау.

№1 стратегиялық бағыт: Қауымдастықтың тиімділігі мен іскерлілігін арттыру.

Қауымдастықтың тиімділігін арттыру үшін мына міндеттердің шешілуі қажет етіледі: жұртшылықтың Қауымдастық қызметіне қызығушылығын көтеру және абыройлы атағын ұстап тұру, сондай-ақ өзін-өзі жеткілікті етуін қамтамасыз ету.

1.1. Жұртшылықтың Қауымдастық қызметіне қызығушылығын көтеру және абыройлы атағын ұстап тұру.

Аталған міндетті орындау тиімділігінің мониторингі қызметтің төмендегідей ПӘК белгілеу жолымен жүзеге асырылатын болады:

  • Қауымдастық мүшелерінің санын 2015 жылғы 1200 адамнан 2017 жылы 3900 адамға дейін ұлғайту;

  • Қауымдастық мүшелерінің қанағаттанушылық деңгейі және ұйымның танымалдылығы деңгейі көрсеткішін жоғарылату (айқындау методологиясын әзірлегеннен кейін);

  • Қауымдастық мүшелерінің арасынан 2017 жылға дейін жыл сайын кемінде 50 адамды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету.

Аталған міндетті іске асыру мақсатында Мансаптың кәсіби орталығын құру жоспарланып отыр. Орталық жұмысқа орналастыруға, мансаптық қолдап отыруға жәрдем жасайтын, сондай-ақ бизнес құрылымдарында, мемлекеттік органдарында, ұлттық және халықаралық компанияларында тағылымдама бағдарламаларын белсенді іске асыратын болады. Тиімді және талап етілетін Мансап орталығын құру және қалыптастыру үшін кәсіби отандық және шетелдік рекрутингтік агенттіктерімен, moomkin.kz, hh.kz және тағы басқалары сияқты веб-порталдарымен өзара іс-қимыл мүмкіндігі қаралатын болады. Орта мерзімдік перспективада Орталықты Қауымдастық үшін кіріс түсіріп отыратын коммерциялық құрылымға өзгерту, не болмаса оны белгілі бір жыл сайынғы сыйақы алып отыратындай жеке компанияның басқаруына беру мүмкіндігі бар.

Қауымдастық мүшелерінің санын ұлғайту мақсатында, Назарбаев Университетімен ынтымақтасу, филиалдық желісін дамыту, сондай-ақ Қауымдастық мүшелері үшін қолайлы функционалдық қасиеттері бар ұйымның дисконттық картасын енгізу жоспарлануда.

Қауымдастықтың жоғары әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын ескере отырып, қоғам нысаналы аудиторияларды оның қызметі туралы белсенді хабардар етуге ұмтылатын болады, бұл мүшелер тартуға және олардың санын ұлғайтуға, ұйымның табыстылығының орнықты имиджін қалыптастыруға, сондай-ақ қосымша сыртқы қорландыру көзін тартуға ықпал жасайтын болады. Аталған міндетті іске асыру үшін кешенді арнайы PR іс-шаралары жүзеге асырылатын болады.

1.2. Өзін-өзі жеткілікті етуін және Қауымдастық қызметінің тиімділігін арттыру.

Аталған міндетті орындау тиімділігінің мониторингі қызметтің төмендегідей ПӘК белгілеу жолымен жүзеге асырылатын болады:

  • Қауымдастық бюджетін 2017 жылға қарай 200 млн. теңгеге дейін ұлғайту;
  • Жыл сайын демеушілік қаражат түрінде кемінде 70 млн. теңге жиынтықты қаржыландыру көлемімен 3 жаңа қамқоршы тарту;

  • Қауымдастық бюджетіндегі кіріс түсіретін өз қаражатының үлесі 2017 жылға қарай 1/3-тен кем болмауға тиіс.

Қауымдастық қолда бар ақшалай ресурстарын басқару сапасын арттыру және ұйымның өзін-өзі жеткілікті етуін қамтамасыз ету үшін сыртқы қаржыландыруды тарту жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Негізгі көздері және өз қаражаты есебінен кіріс түсіретін ақшалай қаражатты тарту тетіктері; қамқоршылар/Қауымдастық кеңесі мүшелерінің жарналары; демеушілік көмек; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, жеке қаржы институтарының қаражатын тарту.

Қаржыландырудың сыртқы көздеріне тәуекелділікті азайту мақсатында, Қауымдастық өз қаражатынан кіріс түсіруді жоспарлайды, ол қаржыландырудың жалпы құрылымында айтарлықтай бөлігін құрайтын болады.

Таңдаулы халықаралық практикаға сәйкес, орташа мерзімдік перспективада қауымдастық кеңесінің мүшелері үшін ең төменгі шектік мәнін белгілеместен жыл сайынғы міндетті жарналар енгізу жоспарлануда.

№ 2 стратегиялық бағыт: кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мен ілгерілету және кәсіпкерлердің жас ұрпағын Қауымдастық қызметіне тарту үшін жағдайлар жасау.

Қауымдастықтың аталған стратегиялық бағыттар аясындағы негізгі міндеттері идеяларды коммерциаландыруға және қолданыстағы бизнесті дамытуға, сондай-ақ тәлімгерлікті ұсынуға жәрдемдесу үшін тиімді алаң қалыптастыру болып табылады.

Аталған стратегиялық бағыт міндеттерін іске асырудың тиімділік мониторингі қызметтің төмендегідей ПӘК белгілеу жолымен жүзеге асырылатын болады:

  • Кәсіпкерлер болып табылатын Қауымдастық мүшелерінің үлесін ұлғайту (мәні бастапқы көрсеткіштері біріздендірілгеннен кейін айқындалады);

  • Кәсіпкерлермен бірлесіп іске асырылған табысты коммерциялық жобалары санын 2016 жылғы үшеуден 2017 жылы беске дейін ұлғайту.

2.1. Идеяларды коммерциаландыру және қолданыстағы бизнесті дамыту.

Қауымдастық табысты кәсіпкерлерді тарта отырып ұйым базасында тиісті алаңдар қалыптастыру жолымен өз мүшелерінің бизнес-идеяларын іс жүзінде іске асыруларына және қолданыстағы бизнесті дамытуларына кешенді түрде жәрдемдесетін болады. Аталған алаң кәсіпкерлермен – қауымдастық мүшелерімен, инвесторлармен және елдің табысты бизнесмендерімен тиімді өзара іс-қимыл жасауға және идеяларымен алмасуға мүмкіндік береді. Мұның сыртында, алаң қолайлы шарттарымен қаржыландыру тарту үшін мүмкіндік береді.

Аталған міндетті іске асыру үшін Қауымдастық мүшелері арасында берік іскерлік және достық байланыстарын құру және дамыту, даму институттарымен, Қазақстан кәсіпкерлері Ұлттық палатасымен (бұдан әрі – ҚР КҰП), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен тығыз өзара іс-қимылды дамыту қажет.

Идеяларды коммерциаландырудың неғұрлым перспективалық тетіктерінің бірі ретінде, «Dragon Den» ұқсастығы бойынша алаң ұйымдастыру жоспарлануда, оның аясында перспективалы бизнес идеялары бар және қаржыландыруы жеткіліксіз адамдар қажетті инвесторларды табу мүмкіндігіне ие болады. Қауымдастық мүшелері әзірлеген жобаларды жақсарту және жетілдіру мақсатында, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» КДҚ» АҚ) бизнес-жоспарларын дайындау үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарымен тығыз ынтымақтастық жоспарлануда. Бизнес-жоспарлары дайындалғаннан кейін мүдделі инвесторларды (бизнестің және тәуекелшілдік қорларының өкілдерін) шақыра отырып панельдік сөз сөйлеулер өткізу қажет, онда жобалар іріктеп алынатын және қаржыландыру шарттары айқындалатын болады.

Қауымдастық даму институттарымен, соның ішінде «Даму» КДҚ» АҚ-мен қаржылай/қаржылай емес қолдау жөнінен, сондай-ақ «НАТР» АҚ-мен гранттар беру жөнінен ынтымақтастықты дамытуды жоспарлауда.

2.2. Тәлімгершілікті ұсыну.

Қауымдастық көп деңгейлі тәлімгерлік бағдарламасын әзірлейді және енгізеді, бұл Қауымдастық мүшелерінің аға ұрпағынан кішісіне белгілі бір кәсіби тақырып бойынша білімі мен тәжірибесін беруді көздейтін ұстаздық-тәлімгерлік жүйесі сияқты. Бұл үшін «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің арасынан әртүрлі тақырыптар/салалар бойынша неғұрлым табысты тәлімгерлер іздестіру жөнінен жұмыс жүргізілетін болады, тәлімгерлікті жүргізу үшін әдістемесі айқындалды, жүйесі мен инфрақұрылымы жасалды. Бұл ретте Қауымдастықтағы тәлімгерлік үдерісі кемінде түлектердің үш ұрпағы арасында тығыз байланысты қамтамасыз етеді, бұл жас стипендияттардың ағымдағы проблемаларын толық шамасында түсінуге мүмкіндік береді және, бірінші түлектердің жинақталған тәжірибесін қолдана отырып, осы сияқты не болмаса өзге де қауіп-қатерлерін шешуге көмектеседі.

Қауымдастық мүшелерінің тәлімгерлер ретіндегі өздерінің табысты кәсіби қызметі үшін, өз әлеуетін іске асыру және өзінің қоғамдық «visibility» арттыру мүмкіндігі ашылады.

№ 3 стратегиялық бағыт: білімі мен тәжірибесін біріктіру және практикалық қолдану.

Стратегиялық бағыт аясында «Болашақ» қауымдастығының корпоративтік университетін (бұдан әрі – корпоративтік университет), сондай-ақ Талдау және мониторинг орталығын құру және дамыту жолымен кәсіпкерлік саласында сапалы білім қызметтерін ұсыну, кәсіби сараптамалық қауымдастығын қалыптастыру жөніндегі міндеттерді іске асыру жоспарланады.

Аталған стратегиялық бағыт міндеттерін іске асырудың тиімділік мониторингі қызметтің төмендегідей ПӘК белгілеу жолымен жүзеге асырылатын болады:

  • Жүргізілген кіріс түсіретін тренингтер мен оқытулар бағдарламасының санын 2015 жылғы екіден 2017 жылы алтыға дейін ұлғайту:

  • «Болашақ» қауымдастығы сараптамалық базасын 2017 жылға қарай 500 маманға дейін жеткізу;

  • 2017 жылға дейін кемінде 5 НҚА-ға дейін жыл сайынғы сараптама жүргізу;

  • Консультативтік қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетілген жобалардың кумулятивтік санын 2017 жылға қарай беске дейін ұлғайту.

3.1. Кәсіпкерлік саласында сапалы білім қызметтерін ұсыну.

Ағымдағы білім жобаларының шеңберінде тиімділігін арттыру мен күш-жігерлерін біріктіру үшін, «Болашақ» қауымдастығының корпоративтік университетін құру жоспарлануда, оның қызметі тренингтер мен семинарлар, сондай-ақ білім трансфері үшін іс-шаралар өткізуге бағытталған болады.

Қауымдастық мүшелерінің бизнес-біліктіліктерін дамыту және арттыру мақсатында «Болашақ – жастар үшін» бағдарламасына ұқсас қызықтыратын тақырыптары бойынша тренингтер мен семинарлар өткізу жоспарлануда. Бұл үшін танымал жаттықтырушылар, консультанттар, сондай-ақ Қауымдастық мүшелері (peer-to-peer) қатарынан сарапшылар шақырылатын болады. Басқа да білім бастамалары қосымша енгізілетін болады, соның ішінде Қауымдастықтың «Даму» КДҚ» АҚ-мен және ҚР КҰП-мен ынтымақтастық жолымен.

Корпоративтік университет шеңберінде Қауымдастықтың мүшелерін және басқа да мүдделі тұлғаларды әртүрлі ұйымдарда коммерциялық негізде оқыту тренингтері мен бағдарламалар өткізу үшін тарту жөніндегі қызметті жалғастыру жоспарлануда.

Басқа маңызды міндет білім трансфері мәселесі болып табылады. Өзекті рөл Корпоративтік университеттің Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен және елдің жоғары оқу орындарымен тығыз өзара іс-қимыл жасауында жатыр. Қауымдастық «Болашақтың оқулары» акциясын өткізуді жалғастыратын болады, онда Қауымдастық мүшелері әлемнің жетекші оқу орындарынан алған білімдері мен тәжірибелерін қазақстандық ЖОО студенттеріне таратуды қамтамасыз ете отырып, қазақстандық ЖООларда дәрістер оқиды.

Орта мерзімдік перспективада қазақстандық ЖОО-лармен мұндай дәрістерді ақылы негізде өткізу туралы ұзақ мерзімдік шарттар жасасу мүмкіндігі қаралатын болады.

Білім трансфері мақсатында да сол сияқты өзінің «Bolashak Business Review» шығарылымында тұрақты түрде жариялап тұру үшін нақты сектор кәсіпорындарының кейстері базасын қалыптастыру бөлігінде ҚР КҰП-мен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі қаралатын болады.

3.2. Кәсіби сараптамалық қауымдастығын қалыптастыру.

Кәсіби сараптамалық қауымдастығын қалыптастыру мақсатында Талдау және мониторинг орталығын (бұдан әрі – Орталық) құру жоспарлануда, ол мынадай міндеттерді шешетін болады: НҚА жобаларының, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сараптамасын және мониторингін жүргізу; салалық сараптамалық желілерін қолдау және құру, сараптамалық-пікірталастық клубын құру; консалтингтік және аудару қызметтерін ұсыну.

Қабылданатын НҚА және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында, Орталық НҚА жобаларына сараптамалық қорытындылар әзірлеу және ұсынуда жәрдем жасауды жоспарлайды. Осыған байланысты, НҚА әзірлеушілері болып табылатын мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ олардың бұларды әзірлеу жөнінен тиісті құрылатын жұмыс топтарына қатысуларына жәрдемдесу жоспарланып отыр.

Қауымдастық құрылған Орталық арқылы өзекті экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелерді талқылау үшін маңызды сараптамалық алаңы, идеялар мен жаңашылдықтардың генераторы ретінде жұмыс істемек. Оның практикалық қолданылуы елдің дамуына сүбелі үлес қосуға қабілетті болмақ. Орталық шеңберінде Қауымдастық мүшелері ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, мұнай-газ, биотехнология, энергетика және басқалары сияқты әртүрлі бағыттар бойынша сараптамалық желілеріне біріге отырып, өздерінің сараптамалық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік алатын болады. Халықаралық байланыстар орнату мақсатында «think-tanks»-пен, сондай-ақ TEDx және IDEA сияқты салалық ұйымдарымен, Global Shapers ірі әлемдік дебаттар қауымдастығымен, жас көшбасшыларды қолдау жөніндегі Бүкіләлемдік экономикалық форум жобасымен және басқаларымен ынтымақтастық мәселелері пысықталатын болады.

Құрылған Қауымдастық базасында экономиканың нақты секторы кәсіпорындарына да, сол сияқты мемлекеттік органдарына, және ұйымдарына да ақылы консультациялық қызметтер ұсыну жоспарланып отыр. Қауымдастық Орталық шеңберіндегі әртүрлі бағыттар бойынша сараптамалық желілерінің кең аясын ескере отырып, клиенттердің сұратуларына сәйкес әртүрлі консультациялық қызметтер қалыптастыра алады.

Сондай-ақ қазіргі жұмыс істеп тұрған агенттіктерімен салыстырғанда бірінші дәрежелі аудармашылық ұйымын құру мүмкіндігі бар. Бұған жеке аудармашылық агенттіктеріне ерікті аккредитация беру балама бола алады, бұл аудармашылық қызметтері сапасының жоғарылығын растауға қызмет етеді.

№4 стратегиялық бағыт: әлеуметтік бағдарланған міндеттерді іске асырудағы қолдау.

Қауымдастықтың аталған стратегиялық бағыттағы негізгі міндеттері қайырымдылық көмегін жүзеге асыру және халықтың әлеуметтік осал жіктеріне көмек көрсету, мемлекеттік тілдің және мәдениеттің мәртебесін жоғарылату, сондай-ақ спорт пен саламатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Аталған стратегиялық бағыт міндеттерін іске асырудың тиімділік мониторингі қызметтің төмендегідей ПӘК белгілеу жолымен жүзеге асырылатын болады:

  • Жыл сайын қайырымдылық мақсаттарына 2017 жылға дейін кемінде 15 млн. теңге беру;

  • 2017 жылға дейін жыл сайын Қордың кемінде 15 грантын беру;

  • 2017 жылға дейін жыл сайын кемінде 20 әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыру.

4.1. Қайырымдылық қызметін жүзеге асыру және халықтың әлеуметтік осал жіктеріне көмек көрсету.

Қауымдастық «Болашақ» корпоративтік қоры арқылы қайырымдылық қызметін жүзеге асыру және ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетімдер сияқты халықтың әлеуметтік осал жіктеріне, сондай-ақ әлеуметтік мекемелеріне, балалар үйлеріне, психоневрологиялық және медициналық орталықтарына көмек көрсету жөніндегі міндеттерін іске асыруды жалғастырады. Бұл үшін акциялар мен іс-шаралар, соның ішінде Қысқы қайырымдылық қоры өткізіледі, олардың мақсаты Қордың қайырымдылық қызметіне жұртшылықтың назарын аудару болмақ.

Қайырымдылық қызметін жүзеге асыру бойынша абсолютті жаңа тетік ретінде сол сияқты кәсіби сараптамалық қауымдастығын да пайдалану жоспарланған. Бұл үшін сараптамалық зерттеулерді қажет ететін компаниялармен халықтың әлеуметтік осал жіктеріне қайырымдылық көмегін көрсетудегі міндеттері туралы келісімдер жасасылатын болады.

«Болашақ» қауымдастығының мүшелерін әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыруға тартудың басқа да тетігі, «Болашақ» қауымдастығының шағын гранттары» болмақ. Аталған жоба Қауымдастық мүшелерінің бастамаларын және әлеуметтік жобаларын гранттық қолдаумен қолдап отыруға мүмкіндік береді. Іріктеп алудың негізгі өлшемдері әлеуметтік маңыздылығы және «community impact» болмақ. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал жіктері арасында білім және жол жүрісі гранттарын беру жөніндегі жобаларды іске асыру жалғастырылатын болады.

4.2. Мемлекеттік тілдің және мәдениеттің мәртебесін жоғарылату.

Қауымдастық ұлттық, жеке және халықаралық ұйымдар қаражатын белсенді тарту жолымен мелекеттік тілді және мәдениетті дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды және әлемдік премьераларды дубляждауды қаржыландыру үшін олармен өзара іс-қимылды жалғастырады.

4.3. Спортты және саламатты өмір салтын насихаттау.

Спортты және саламатты өмір салтын көпшілікке дәріптеу мақсатында қайырымдылық марафондары мен веложүгірістерін өткізу жоспарланып отыр. Мұның сыртында, Қауымдастық бірлескен жобаларды өткізу үшін жетекші қазақстандық спортшыларды тартуды жоспарлауда, бұл саламатты өмір салты мәдениетін бойға сіңіруге, сондай-ақ қайырымдылық қызметі үшін қаражат тартуға ықпал жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «спорттық менеджмент», «спорттық маркетинг», «спорттық журналистика» мамандықтары бойынша стипендияттарының санын ұлғайту, сондай-ақ тиісті НҚА әзірлеуге жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен тығыз өзара іс-қимыл жасау жоспарланып отыр.