«Bolashak business cases» бизнес-кейстер жинағы

Бизнес-кейстерінің жинағын тегін жүктеу

Бизнес-кейстерінің жинағы бизнестің тетіктерін неғұрлым тереңірек зерделеу үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылған. Оған «Alageum Electric» АҚ, «Адал» агроөнеркәсіптік компаниясы» АҚ, «Баян Сұл» АҚ, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «Шин-Лайн» ЖШС, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ, «Экотон+» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғынүйжинақбанкі» АҚ және тағы басқа отандық бизнес-практиктердің тәжірибесінен нақты кейстер енген.

Жинақта сипатталған барлық кейстер нақты, қазақстандық компаниялардың қызметімен байланысты және онда жобаларды стратегиялық жоспарлау, еңбек өнімділігін арттыру, инвестициялық қорды басқару және тағы басқа мәселелер көрініс табады.

Жобаны «Байтерек» Ұлттық басқару холдингі, Almaty Management University және «Bank RBK» АҚ қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы іске асырды.

Жинақ білім беру үдерісіне енгізу үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарына, сондай-ақ шетелдік бизнес-мектептеріне жіберіледі. Осыған ұқсас таныстырылымдар Лондон, Вашингтон, Пекин, Москва сияқты ірі қалаларда, сондай-ақ Қазақстанның облыстық және қалалық кітапханаларында ғылым мен бизнес өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Жинақ баршаға әбден қолжетімді. Осы мақсатпен біз www.bc.bolashak.kz жеке сайтын әзірледік, одан кез-келген тілек білдіруші жинақты немесе жекелеген кейстерді жүктеп ала алады.

Қосымша ақпарат: 8 (7172) 707 669, 8 702 945 67 99 Думан Мұрат.