«Молодежь и инновация!» жобасы

Жобаның мақсаты: жастардың өзін-өзі дамыту үшін жағдайлардың жасалуы, жастар саясаты үдерістерін жүзеге асыру бойынша механизмдер жасау және жастардың кәсіби қауымдастығын құру болып табылады.

Байқаудың міндеттері: жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау және нетворкинг өткізу үшін жағдай ұйымдастыру; жастар саясаты процестерін жетілдіру бойынша пәрменді тетіктерді әзірлеу; жастардың кәсіби қауымдастықтарын қалыптастыру. Жобаға Қазақстанның барлық аймағынан 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 1 маусым -31 тамыз аралығында өтеді, ақтық мәреге өткен қатысушылар тізімі bolashak.kz сайтында 3 қыркүйекте жарияланады.

Байқаудың ақтық мәресі 2020 жылдың 23-24 қазан аралығында Нұр-Султан қаласында өтеді.

Жобаны «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырады.

Қатысу үшін Ережемен танысып, 20 қыркүйекке дейін онлайн өтінімді толтыру қажет.

Ережені жүктеу.

Онлайн өтінімге сілтеме.

Қосымша ақпарат үшін тел: +7 7172 707 669