«Internship Bolashak» жобасы

«Болашақ» қауымдастығы «Internship Bolashak» жобасын іске асыруда, оның көмегімен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігімен Қазақстанның жетекші ұйымдары мен кәсіпорындарында ақысы төленетін тағылымдамадан өтуі мүмкін.

Жас мамандардың «Білімді жастар – мәңгілік елдің болашағы» Форумының аясында «Болашақ» қауымдастығы: «BI-Holding» ЖШС, «Raimbek Group» АҚ, «RG Brands» АҚ, «Арман-Инжиниринг» ЖШС, «Caspian Beverage Holding» АҚ, «Масло-Дел» ЖШС, «Eurasian Foods» АҚ-мен әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау жөнінен меморандумдар жасасты, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыруға және өндірістік практика мен тағылымдамадан өтуге жәрдемдесуге.

Қазірдің өзінде жобалық құжаттамасы әзірленді, ережелері, үш жақты келісімнің үлгісі, серіктестер мен әлеуетті тағылымдамашылардан өтінімдер үлгісі бұйрықпен бекітілді.

«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының ақысы төленетін тағылымдамалардан өтулері үшін әлеуетті серіктестерді тарту мақсатында, «Қазақтелеком» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Энергоинформ» АҚ, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ, «Казагрофинанс» АҚ, Қазақстандағы «Ernst & Young», «Шелл», «Казатомпром» ҰАК» АҚ, «Raimbek Group» және «RG Brands Kazakhstan» ЖШС сияқты тағы да басқа ірі отандық және шетелдік компанияларға ынтымақтастық туралы хаттар жолданды.

Тағылымдамадан ойдағыдай өткен жағдайда, компания Тағылымдамашы жұмысының бағасымен ұсыным хат береді.

Егер Сіз ірі компаниядан тағылымдамадан өткіңіз және одан әрі қарай жұмысқа орналасқыңыз келсе, онда сіз өзіңіздің түйіндемеңізді hr@bolashak.kz жолдауыңыз қажет.

Қосымша ақпарат алуға болатын телефон: +7 (7172) 707 669, 8 707 491 87 88 Азамат Шәймерденов.