«Bolashaq books» жобасы

Жобаның мақсаты мен міндеттері.

Жобаның мақсаты: халық арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

Жобаның міндеттері:

  • Кітап оқитын халықтың санын арттыру;
  • Қазақстандық ақын-жазушыларды насихаттау;
  • балалар әдебиетіне халық назарын аудару.

Жобаға қатысушылар: 10 мен 29 жас аралығындағы жастар.

Аумақтық қамту: 14 облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары.

Күтілетін нәтижелер және жобаның нәтижелерін бағалаудың индикаторлары:

Оқитын халықтың санын арттыру, азаматтардың білім деңгейін көтеру. Халық арасында оқу бойынша республикалық конкурс өткізу. 5 облыста, Алматы, Шымкент және Нұр-сұлтан қалаларында ересектер мен балаларға арналған кем дегенде 2 кітап клубтарын ашу. Әрбір аймақта халық арасында оқу әуесқойларының кемінде 1 клубын құру. Әлеуметтік желілерде оқуды насихаттау үшін кемінде 6 бейнеролик әзірлеу және тарату.

Барлық қызығушылық тудыратын сұрақтар үшін: ‭+7 7172 707 669