Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасу жобасын орындау

Жобаның мақсаты: жастармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ресурстық орталықтарымен, мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс жасауды жақсарту мақсатында іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік органдармен және әлеуметтік тапсырыстармен жұмыс туралы тиімді ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін аймақтардағы жастар ҮЕҰ-дарын қолдау және дамыту.

Жоба міндеттері:

• жастар ұйымдары, жастармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар, жастар ресурстық орталықтары, мүдделі мемлекеттік органдар және т.б. арасында өзара әрекеттесу, желілер мен білім алмасуды дамыту каналдарын кеңейту;

• тәжірибе алмасу және жастар ұйымдарының озық тәжірибелерін зерделеу;

• жастар ұйымдарының өкілдері үшін тренингтер, мастер-кластар, семинарлар, диалог алаңдарын өткізу;

• Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары жастары арасында қарым-қатынас орнату бойынша іс-шаралар өткізу.

Аумақтық қамтамасы:

14 аймақ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары.

Жобаға қатысушылар:

Жастар ұйымдары, жастармен өзара әрекеттесетін үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының жастар ресурстық орталықтары.

Жобаның нәтижелері бойынша ҮЕҰ мен ЖРО-дың ең белсенді қазақстандық тәжірибесінің жинағы шығады.

Сұрақтар бойынша: + 7 701 539 4040, +7 702 943 3949