«Біздің біліміміз - біздің елге» жобасы

«Болашақ Қауымдастығы «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық Қозғалысымен біріге отырып «Біздің біліміміз - біздің елге» білі беру науқанын іске асыруда.

Бұл науқан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 Қайырымды іс» жобасы негізінде жүзеге асуда. Аталған жобаның мақсаты, қалалық және ауылдық мектептерде, жоғарғы оқу орындарында ашық сабақтар мен дәрістер жүргізу арқылы жас ұрпақпен білім мен тәжірибемен бөлісу болып табылады. Жоба «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен Қауымдастық мүшелері, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері тарапынан қолдау тапты. Егер жас ұрпақтың білімінің дамуына, қазақстандық жас балалардың кәсіптерін таңдауына көмектескіңіз келсе, біліміңіз бен тәжірибеңізбен бөліскіңіз келсе, сізді шақырылған қонақ ретінде көруге қуаныштымыз.

Қосымша ақпарат алу мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз : 8 (7172) 707 669, 72 94 70.