«Жастар кадрлық резерві» республикалық жоба
«Жастар кадрлық резерв» - бұл мансаптық қызметінде өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқарушылық құзыреттіліктердің жоғары деңгейіне ие мамандардың республикалық базасы.
Жоба мақсаты:
· білімді, талантты, белсенді жастарды іздеу және анықтау, олардың кәсіби дамуына және қоғамдық танылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды оқыту, біліктілігін арттыру;
· жастар арасынан мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет саласы үшін қазіргі заманғы және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру.
Жобаның ұзақ мерзімді нәтижесі:
51-ден кем емес қатысушылары жоба аясында оқудан өтеді және жастар кадрлық резервіне қосылады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламентінде, орталық мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтеді.
Жоба міндеттері:
· жобаның кем дегенде 17 қатысушысы үшін әртүрлі білім беру модульдері бойынша оқыту жүргізу және жобаны бітірушілерді орталық мемлекеттік құрылымдар мен ұлттық компанияларда 2 апталық тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету.
· жобаға кемінде 34 қатысушы үшін әртүрлі білім беру модульдері бойынша оқыту жүргізу және жоба бітірушілері үшін Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдайтын Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентіңде 2 апталық тағылымдамадан өтуді қамтамасыз ету қажет.
· Кадрлық резерв даярлаудың алдыңғы қатарлы оқыту технологияларына негізделген тиімді жүйесін құру.
Мақсатты аудитория: 18 бен 29 жас (қоса алғанда) аралығындағы жастар.
Мерзімі: қыркүйек - қазан.
Жобаның кезеңдері:
I кезең - 2019 жылдың 26 шілдесінен 5 қыркүйегіне дейін жобаның ресми сайтында jastar-reserv.kz өтінімдерді қабылдау.
· 6-12 қыркүйек, өтінімдерді іріктеу;
16 қыркүйекте жобаның jastar-reserv.kz сайтында қатысушылар тізімі жарияланады.
Жобаның талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құжаты қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін тіркелген өтінімдер қаралмайды.
II кезең - 17-25 қыркүйек, республиканың 17 аймағындағы конкурстық комиссиямен сұхбат. Сұхбат соңында 51 адам іріктеп алынады.
III кезең - 12-13 қазан аралығында оқу модулдері: дәрістер, семинарлар мен тренингтер блогы;
IV кезең - 14-25 қазан аралығында тағылымдамадан өтушілер, 34 адам Қазақстан Республикасы Парламентінде екі апталық және орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда 16 адам екі апталық тәжірибеден өтеді.
V кезең - сертификаттармен марапаттау.
Қатысушылардың критерийлері:
· Бiлiмі туралы дипломы (ұйымдардың басшылары үшін) немесе оқу орнында оқитындығы және оқу үлгерімітуралы анықтама (студенттер үшін);
· Жүлделер, сертификаттар және алғыс хаттар;
· Тілдерді меңгеруі;
· Ұсыныс хаттар;
· Қоғамдық қызметтер (сертификаттар).
Жобаның ережесі
Жоба өтінімі