«Болашақ» қауымдастығының корпоративті университеті

«Болашақ» қауымдастығының жанында әртүрлі салалардағы сарапшылар арасынан жоғары кәсіби шебер жаттықтырушылар/дәріскерлер/жүргізушілер пулын қалыптастыру, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының және барлық тілек білдірушілердің кәсіби білімдерін, біліктіліктерін арттыру, озық отандық және шетелдік тәжірибені игеру, жеке тұлғалық дамуы мақсатында, білім беру секторында «Болашақ» қауымдастығының «Корпоративті университеті» жобасы іске қосылды. Негізгі нысаналы аудитория: «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, кең бейінді мамандар, профессорлар, оқытушылар, оқушы жастар, республикалық жастар ұйымдарының мүшелері, мүмкіндігі шетеулі жандар және басқалары. «Корпоративті университет» жобасының міндеттері:

  1. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мен барлық мүдделі тұлғалар үшін халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлерді тарта отырып, білім беру тренингтерін және өзге де іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

  2. Оқушы жастар мен барлық тілек білдірушілер үшін табысты болашақтықтарды, Білім беру орталығы түлектерін және халықаралық сарапшыларды тарта отырып, Қазақстан бойынша көшпелі білім беру іс-шараларын (тренингтер, мастер-класстарын және т.с.с.) ұйымдастыру және өткізу;

  3. Болашақтықтар арасынан жаттықтырушылар пулын қалыптастыру;

  4. Оқыту үшін үміткерлерді іріктеу;

  5. Жаттықтырушылар/коучейлерді оқытуды ұйымдастыру – «коуч-практик» бағдарламасын жүргізу;

  6. Білім беру орталығы түлектерінің және шақырылған отандық және халықаралық кәсіби шеберлердің «Болашақ сабақтары» жобасының аясында тренингтер, коуч-сессиялар, мастер-класстар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізуі;

  7. Жас кәсіпкерлер, ғалымдар және т.с.с. үшін бүкіл Қазақстан бойынша білім беру фестивалін ұйымдастыру және өткізу.

Қосымша ақпарат: 8 (7172) 707 669, 8 701 690 16 06 Дина Баймұхамедова.