«Startup «Bolashak» стартап-жобаларының конкурсы

2015 жылғы 20 шілдеде «Болашақ» қауымдастығы «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «Даму» қорымен бірлесіп «Startup «Bolashak» конкурсының басталатындығын жариялады.

Қазақстанның жер-жерінен келген жасы 18 – 29 аралығындағы жас адамдар, сондай-ақ құрамы 5 адамға дейінгі жобалық топтары қатысты.

Берілген өтінімдердің жалпы саны 2 095-ке жетті. Олардың ішінде: 2080-і конкурстық комиссияның қарауына жіберілді, 15 өтінім құжаттар топтамасының толық еместігі себепті бас тартылды.

Өтінімдердің неғұрлым көбірек саны Астана қ. түсті (400 өтінім), Алматы қ. (227), Павлодар облысы (155), Батыс Қазақстан облысы (134), Оңтүстік Қазақстан облысы (134).

Бизнес-идеяларының көп бөлігі өңдеу саласымен байланысты – 647 өтінім, ақпараттық технологиялармен – 263, біліммен – 171 және басқалары.

Стартап-жобаларының конкурсы 25 млн. теңге мөлшерінде кепілдік қолдауды қарастырады: I орын үшін – 7 млн. теңге, II орын – 5 млн. теңге және III орын – 3 млн. теңге. «BI Group» холдингі бөлетін 10 млн. теңге мөлшеріндегі гранттар, сондай-ақ стартаптарды дамытуға арналған әлеуеттік инвесторлар қаражаты қарастырылған.

Конкурстың бас әріптесі - Жинақбанкінің Қазақстандағы еншілес банкі.

Бизнес-жобаларын іріктеген кезде: бизнес-жобаларының жаңашылдығы мен бірегейлігі, олардың әлеуметтік маңыздылығы, нысаналы аудиториясы ескерілді, сондай-ақ бизнестегі жұмыс тәжірибесі құпталды. Конкурстық комиссия отырысының қорытындылары бойынша 23 бизнес-идея іріктеп алынды, олардың авторлары Астана қ. оқыту семинар-тренингтерінен өтті. Семинар-тренингтерінен өткеннен кейін қатысушылар өздерінің бизнес-идеяларын конкурстық комиссияның кеңейтілген құрамы алдында таныстырды. Қорытындылары бойынша ең таңдаулы 10 бизнес-идея бизнес-жоспарларының Марафонына қатысу үшін іріктеліп алынды, олар консультанттармен және кәсіби шебер менторлармен бірлесіп өздерінің жобаларын әзірледі. Марафонда конкурс лауреаттары өз жобаларын конкурстық комиссияның және демеушілердің алдында қорғады.

«Startup «Bolashak» конкурсыны барысын «Хабар» телеарнасында әрбір жұмада сағат 20.30-да көруге болады. Сонда Конкурстың жеңімпаздары жария етіледі.

Әріптестері мен ұйымдастырушылары: «Болашақ» қауымдастығы, «Бәйтерек» холдингі, «Даму» қоры, Қазақстандағы Жинақбанкі, «BI Group» холдингі, «НАТР» АҚ, «Atasu Group of Companies» компаниясы, «Sheberbuild» құрылыс компаниясы, Астана қ. әкімдігі.

Қосымша ақпарат: +7 (7172) 707 669, +7 702 633 31 51 Гүлнара