«Жастар отанға» инновациялық идеялар байқауы

Байқаудың мақсаты:

Халықтың іскерлік белсенділігін дамытуға және жұмысқа орналасуға, жастардың іскерлік ойлауына, сондай-ақ өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.

Байқаудың міндеттері:

· Жастарды қоғамдық өмірге тарту тетіктерін ұйымдастыру;

· Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту және стартаптардың экожүйесін құру;

· Жастардың өзін-өзі дамыту үшін және нетворкингті ұйымдастыруға жағдай жасау.

Жобаға Қазақстанның барлық аймағынан 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 1 шілде-20 қыркүйек аралығында өтеді, ақтық мәреге өткен қатысушылар тізімі bolashak.kz сайтында 27 қыркүйекте жарияланады.

Байқаудың ақтық мәресі 2019 жылдың 23-24 қазан аралығында Алматы қаласында өтеді.

Жобаны «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырады.

Қатысу үшін Ережемен танысып, 20 қыркүйекке дейін онлайн өтінімді толтыру қажет.

Ережені жүктеу.

Онлайн өтінімге сілтеме.

Қосымша ақпарат үшін тел: +7 7172 707 669