«English for Jastar»

Ауыл мектептерінің оқушыларын ағылшын тіліне үйретуге бағытталған «English for Jastar» жобасын «Bolashaq» qaýymdastyģy және «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ бірлесе жүзеге асырады. Жоба Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 79-шы қадамы және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында жүзеге асырылуда.

Жоба мақсаттарын жүзеге асуы үшін ағылшын тілін «intermediate» деңгейінде білетін, 2018 жылдың қыркүйек – қараша айларында ағылшын тілінен қосымша сабақтар жүргізетін жергілікті және шетелдік азаматтар шақырылады.

Жоба отандық және халықаралық ірі ұйымдармен серіктестікте жүзеге асырылады, солардың ішінде: Жобаға отандық және халықаралық компаниялар қолдау көрсетеді, солардың ішінде: «AIESEC», «Назарбаев Университеті» «Білім беру көшбасшылар орталығы» ЖШС, «Interpress» тілдік орталығы, «Qazaq Air» АҚ, «Меломан HOME VIDEO» ЖШС, Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Қазақстандағы ішкі туризмді дамытуға бағытталған «4KZTours» американдық компаниясы және «LingvaTen» тілдік мектебі.

Жоба оқушылардың тілдік кедергілерін жеңуге және шет тілдерін үйренуге ынталарын арттыруға бағытталған, осылайша адами капиталдың сапасын және елдің бәсекелестік қабілетін арттыруға септігін тигізеді.