Голливуд фильмдерінің қазақ тіліндегі дубляжы

2011 жылы «Болашақ» қауымдастығы және «Меломан» компаниясы голливуд фильмдерін қазақ тілінде дубляждау жөнінен бірегей жобаны іске қосты.

Жобаның мақсаты – мемлекеттік тілді отбасылық құндылық ретінде дәріптеу және оның қолданылу аясын кеңейту, соның ішінде демалыс саласында.

2011 ж. бастап 22 голливуд фильмдері қазақ тіліне аударылды.

  1. «Көліктер 2» - 2011 жылы 23 маусымда Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  2. «Қара киімділер 3» - 2012 жылы 24 мамырда Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  3. «Батыл жүрек» - 2012 жылы 21 маусымда Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  4. «Жаңа Өрмекші адам» - 2012 жылы 3 шілдеде Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  5. «Монстрлар университеті» - 2013 жылы 20 маусымда Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  6. «Жалғыз рейнджер» - 2013 жылы 4 шілдеде Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  7. «Жаңа Өрмекші адам: Кернеген қуат» - 2014 жылы 24 сәуірде Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  8. «Малефисента» - 2014 жылы 28 мамырда Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  9. «Галактика сақшылары» - 2014 жылы 31 шілдеде Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  10. «Күлбике/Золушка» - 2015 жылы 6 наурызда Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  11. «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» - 2015 жылы 23 сәуірде Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  12. «Спектр: 007» - 2015 жылы 5 қарашада Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  13. «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» - 2015 жылы 17 желтоқсанда Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  14. «Джунгли кітабы» - 2016 жылы 6 сәуірде Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  15. «Алиса айнаның арғы бетінде» - 2016 жылы 25 мамыр Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  16. «Моана» - 2016 жылы 1 желтоқсан күні Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  17. «Күрескер бір. Жұлдызды Соғыстар хикаясы» - 2016 жылы 15 желтоқсан күні Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  18. «Алғашқылар дәуірі»/«Время первых» - 2017 жылы 6 сәуір күні Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  19. «Стражи Галактики. Часть 2/Галактика сақшылары. 2-ші бөлім» - 2017жылы 4 мамыр күні Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  20. «Көліктер 3» / «Тачки 3» -2017 жылы15 маусым күні Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  21. «Человек-паук. Возвращение домой» / «Өрмекші-адам. Қайта оралу» - 2017 жылы6 шілде күні Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

  22. «Валериан и город тысячи планет» / «Валериан және мың ғаламшар қаласы» - 2017 жылы 10 тамыз куні Қазақстандағы тұсаукесері өтті.

Фильмдер жетекші голливуд– Walt Disney/Pixar, Sony Pictures, Columbia Pictures, Marvel киностудияларына тиесілі.

Жобаның арқасында қазақ тілі есеп саны бойынша Columbia Pictures студиясы фильмдері кейіпкерлерінің сөйлеген 7-ші тілі болды, ал Walt Disney студиясы үшін қазақ тілі ресми дубляждалған әлемдегі бар 7 мың тілдің ішінен 39-шы тіл және екінші түркітілдес тіл (түрік тілінен кейінгі) болды.

Автордың ойын неғұрлым дәлірек беру үшін қазақ тіліне аудару ағылшын тілінен тікелей жүзеге асырылады. Дубляж халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді және голливуд киностудиялары мамандарының тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.

Басты кейіпкерлердің дауыстарын голливуд артістерінің өздері жеке бекітеді. Картинаның жалғасы шығарылған кезде дауыстары өзгертусіз қалдырылады. «Көліктер-2» мультфильмінде кейіпкер «Мэтрді» дубляждаған әртіс Азамат Қанапияевтің дауысын Walt Disney студиясы әлемдегі таңдаулылардың бірі деп таныды.

Жоба шеңберінде «Меломан» компаниясы дубляждың техникалық жағымен –жылдың неғұрлым күтілетін фильмдерін іріктеумен айналысады, сондай-ақ киностудиялармен келіссөздер жүргізеді. «Болашақ» қауымдастығы демеушілер тартумен айналысады. Мұның сыртында, жобаның бүкіл өнбойында студиямен шарттасу сатысынан бастап дискілердің саудаға шығарылғанына дейін, Қауымдастық жұмыстың сапасын бақылайды, қаржылық рәсімдерінің ашықтығын, фильмдердің өңірлерде жылжытылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Қауымдастық сондай-ақ Қазақстанның интеллигенция, іскерлік және саяси ортасы өкілдерінің қатысуымен фильмдердің алдын ала және қайырымдылық көрсетілімдерін өткізеді.

Аударылған анимациялық фильмдер бастауыш және орта сыныптарда қазақ тілін зерделеу үшін заманауи оқыту құралы ретінде, сондай-ақ Орталық және Орта Азия елдері мен шетелдегі қазақстандық диаспорасында көрсету үшін ұсынылуы мүмкін.

Қосымша ақпарат алуға болатын телефон: +7 (7172) 707 669.