«Болашақ» қауымдастығының мансап орталығы

2014 ж. 8 қыркүйекте «Болашақ» қауымдастығының Мансап орталығы жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты жас мамандарға, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне мансаптық дамуы мен өсуіне жәрдемдесу болып табылады. Қазіргі кезде мамандар базасы қалыптастырылды, сондай-ақ  www.hr.bolashak.kz сайтында онлайн-платформа жұмыс істейді.

Нысаналы аудиториямен – ізденушілермен және жұмыс берушілермен бірнеше бағытта өзара іс-қимыл жүргізіліп жатыр. Біріншісі – бұл біліктілігіне, практикалық тәжірибесіне және қабілеттеріне сәйкес бос орындар іздеуге жәрдемдесу. Бұл тармақты іске асыруда біз жұмыс берушілер мен мамандар базасы арасында күн сайын таратылымдар, әлеуметтік желілерге таратылымдар жіберу, ізденушілердің түйіндемелерін өңдеу және оларды жұмыс берушілерге жіберу, ірі және жетекші компаниялардан, кәсіпорындардан және басқаларынан тұратын жобаның әріптестер базасын қалыптастыру сияқты тәсілдерді пайдаланамыз.

2015 жылғы 24 ақпанда www.bolashak.kz  сайтында «Болашақ» қауымдастығы Мансап орталығының hr.bolashak.kz  модулі іске қосылды, ол өзін жұмысқа орналастыру жөніндегі толыққанды  сайт ретінде көрсетеді. hr.bolashak.kz модулінде жұмыс беруші тіркеле отырып, бос орындар туралы орналастыра алады, ал ізденуші, алдын ала тіркеуден өте отырып, өзінің түйіндемесімен бірге сайтқа үн қосқан пікірлерін жолдай алады.

Менеджердің функциясының мәні, түйіндемені жұмыс берушінің сұратуы бойынша іріктеп алу және түйіндеменің ішкі базасы бойынша лайықты үміткерді іздестіру.

Мансап орталығы жұмысының тағы бір бағыты, жобаға қатысушыларға кәсіби және жеке тұлғалық өсуге жәрдемдесу екендігін айтуға болады. Біз әртүрлі білім беру іс-шараларын – семинарлар, тренингтер, коуч-сессиялар өткіземіз, оларға тек қана жоғары білікті жаттықтырушыларды тартамыз. Ізденушілер аталған іс-шараларға өтемсіз негізде қатыса алады. Мұндай әрбір тренингтің қорытындысы бойынша сертификаттар беріледі, бұл да сондай-ақ біздің ізденушілеріміздің біліктілігі мен машық-дағдыларын арттыруды қолдаудың бір құралы болып табылады.

Қосымша ақпарат алуға болатын телефон: +7 (7172) 707 669, 8 701 683 37 70

 Гаухар Қалижанова.