«Табысты және бақытты қыздың заманауи бейнесі» әйелдер онлайн-форумының қорытындысы

Ағымдағы жылдың 4 наурызында «Bolashaq» Қауымдастығы «Табысты және бақытты қыздың заманауи бейнесі» әйелдер онлайн-форумын өткізді, форум қорытындысы бойынша #BolashaqWomen челленджі іске қосылды.

Онлайн-форумның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында белгілі бір құндылықтары бар заманауи қазақстандық қыздың бейнесін қалыптастыру.

Онлайн-форумның спикерлері: Жібек Қараманова – Заңгер, «Keremet Holding» ЖШС заң фирмасының негізін қалаушы, басқарушы серіктесі;

Алина Хаматдинова – Коуч, жеке өсу бағдарламаларының тренері;

Ақкенже Әлімжан – Тележүргізуші, актриса, «AKKENZHE» дәстүрлі өнер театрының негізін қалаушысы және продюсері;

Алия Оспанова – Research Support Center негізін салушы;

Әсия Ермухамбетова – Назарбаев Университеті Инженерия Мектебінің Постдокторанты;

Лаура Демесінова – «Bolashaq» Қауымдастығының атқарушы директоры, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Онлайн-форум модераторлары өнертану докторы, медиа және кино зерттеушісі Молдияр Ергебеков және журналист, телерадио жүргізушісі, TV продюсер Әйкерім Есенәлі болды.

Онлайн-форумға түрлі саладан 250-ден астам қатысушылар мен 7 спикер қатысып, қалай табысты және бақытты болу керектігімен бөлісті, заманауи қоғамның құндылықтарын және әйелдер өміріндегі экономикалық, әлеуметтік және басқа да салалардың өзекті мәселелерін талқылады. Осыған байланысты, Лаура Демесінова Қауымдастықтың қоғамдағы әйелдердің рөлін дамытуға қосқан үлесін атап өтті: «2020 жылдың қыркүйегінде Қауымдастық «Women's mentorship program» пилоттық жобасын іске қосты. Оның мақсаты - менторинг арқылы кәсіби және жеке даму іздеуде қыздарды қолдау. Жобаны іске асырудың 3 айында ментор-ментидің 50-ден астам кездесуі өткізілді, қатысушылар үшін жеке даму және эмоциялық интеллект бойынша тренингтер ұйымдастырылды». Онлайн-форумның қорытындысы бойынша #BolashaqWomen челленджі іске қосылды, оның мақсаты - қыздарға өзін-өзі дамытуда шек жоқ екенін және әрбір әйел өзіне ұнайтын және сонымен бірге бақытты бола алатын саланың көшбасшысы бола алатынын еске салу. Челленджге қатысу үшін жұмыс барысындағы өз фотосуретіңізді жариялап, сүйікті ісіңіз туралы айтып, #BolashaqWomen хэштегін көрсету керек. Алина Хаматдинова: «Болашақ» бағдарламасының аясында өз саласында профессионал қыздар саны артты және заманауи қыздар бейнесін көрсету - біз үшін маңызды». «Көп әйел жеке өмірі мен жұмысында баланс таппай қиналады. Сондықтан осы тақырыпты талқылағанымыз жақсы деп ойлаймын», - деді Ақкенже Әлімжан.