«Bolashaq» қауымдастығы #bolashaqwomen челленджін бастайды!

Челленджге қатысып, қолдау көрсету үшін келесі жазбамен әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Мен #BolashaqWomen челленджін қабылдаймын! Челлендждің мақсаты-қыздарға өзін-өзі дамытуға еш кедергі жоқ екенін еске салу. Әрбір әйел өзіне ұнайтын саланың көшбасшысы бола отырып, бақытты бола алады!

Бүгінгі таңда әйелдер нағыз көшбасшының қасиеттерін көрсете отырып, ерлермен қатар экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейді».

Челленджге қатысу үшін:

  • жұмыс барысындағы фотосуретті (немесе бейнероликті) жариялаңыз (жұмыс орнында, іс-шарада, қандай да бір іс-әрекетте және т. б.);
  • өзіңіздің сүйікті ісіңіз туралы баяндаңыз;
  • челленджге қосылғанын қалайтын достарыңызды белгілеңіз;
  • #BolashaqWomen #KazWomen #womenempowerment #wekz хэштегтерін қолданыңыз.