Болашақ тұлғалары

Ресей Федерациясының Омбы қаласында 1987 жылдың 17 шілдесінде дүниеге келген. «Zero to One Labs» студиясы стартапының бас директоры және негізін қалаушысы.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі (Princeton University, АҚШ, 2012). Назарбаев университетінде «Стартап өнері» курсын ашып сабақ береді. «Бағдарламалаушы жолы: Silicon Valley компанияларында тағылымдамадан өтуге дайындау». 2009 жылғы (Стокгольм, Швеция) және 2011 жылғы (Орландо, АҚШ) ACM ICPC бағдарламалау әлем чемпионатының финалына жетуші. Адам ретінде өсу, шеберлік және өнімділік тақырыптары бойынша көптеген эсселердің авторы.

АРМАН СҮЛЕЙМЕНОВ