ДАЙДЖЕСТ #8

Құрметті достар!

Сіздердің назарларыңызға «Болашақ» Қауымдастығының ақпараттық дайджестінің сегізінші шығарылымын ұсынамыз.

Бұл нөмірде сіз соңғы екі айда болған оқиғалармен таныса аласыз. Жұмысымыз жайлы барлық оқиғадан хабардар болуыңыз үшін, сіздерге ең маңызды жаңалықтар мен іс-шараларды іріктеп алдық.

Нөмір беттерінен сіздер «Жас сарапшы 2013» республикалық конкурсының басталуы туралы, шетелде білім алып жатқан «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің халықаралық конференциясының жұмысы, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің маңызды мемлекететтік қызметтерге тағайындалуы, сондай-ақ сарапшылық желілер жайлы және басқадай мәліметтерді алатын боласыздар. 

Байланыстамыз! www.bolashak.kz сайтынан біле аласыздар.