ДАЙДЖЕСТ #7

Құрметті достар!

Сіздердің назарларыңызға «Болашақ» Қауымдастығының ақпараттық дайджестінің жетінші шығарылымын ұсынамыз.

Бұл нөмірде сіз соңғы екі айда болған оқиғалармен таныса аласыз. Жұмысымыз жайлы барлық оқиғадан хабардар болуыңыз үшін, сіздерге ең маңызды жаңалықтар мен іс-шараларды іріктеп алдық.

Нөмір беттерінен сіздер Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көрсетілген құрметті, «Балаларға мереке сыйла» қайырымдылық акциясы туралы, «Мен өмір сүретін әлем – жасампаз өмір» республикалық конкурсы жүлдегерлерінің астанаға саяхаты туралы және кино әлеміндегі қызу жаңалықтар туралы, атап айтқанда: «Жалғыз рейнджер» және «Монстрлар университеті» атты голливудтық екі фильмнің қазақ тіліндегі премьерасы туралы хабардар боласыздар. 

Байланыстамыз! www.bolashak.kz сайтынан біле аласыздар.