Арманжан байтасовтың «Медиа бизнестегі жетістіктің құпиялары» шеберлік сағаты

Бүгін «Bolashaq Media Club» клубының «Media Meiman» жобасы аясында Арманжан Байтасовтың «Медиа бизнестегі жетістіктің құпиялары» тақырыбында инаугурациялық шеберлік сағаты өтті.

Арманжан Байтасов - Қазақстандық бизнесмен, «MuzzOne» музыкалық телеарнасының және «United Media Group» ЖШС-нің иесі.

Шеберлік сағаты барысында елдегі медиа, оның дамуы мен болашағы туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, Арманжан Байтасов медиа саласындағы кәсіпкерлікті бастау мен оны заман талабына сай стандарттармен дамыту мәселелерін тілге тиек етті.

«Bolashak Media Club» клубының мүшесі болу үшін, сондай-ақ қосымша сұрақтарыңыз бойынша: +7 701 302 1675 телефон нөміріне немесе info@bolashak. kz поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.