15 маусым күні «Bolashaq Petroleum Club» клубы аясында деректер (Бигдата) және оны визуализациялау» тақырыбында ашық оффлайн-дискуссия өтті

15 маусым күні «Bolashaq Petroleum Club» клубы аясында, Energy Transition Club (ETC) сараптама алаңында Energy Analytics және Energy Navigator телеграм-каналы авторларының қолдауымен, Astana IT University университеті базасында «Мұнайгаз саласындағы үлкен деректер (Бигдата) және оны визуализациялау» тақырыбында ашық оффлайн-дискуссия өтті.

Іс-шараға саланың жетекші сарапшылары қатысты: Мұхтар Манкеев - ҚР Энергетика Министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ бас директоры; Абзал Нарымбетов - бизнес-аналитик, https://t.me/EnergyAnalytics авторы, ETC мүшесі; Жандос Жылкайдаров - энергетика сарапшысы, https://t.me/energynavigator авторы, ETC мүшесі; Жанибек Катренов - модератор, мұнайгаз сарапшысы, ETC және BPC клубтарының төрағасы.

Талқылау барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, Қазақстанның мұнай-газ саласының өзекті мәселелері жөнінде жеке пікірлер айтылды.