32 жасында Қазақстанның ең жас Елшісі болған Қайрат Сарыбай өткен аптада «Болашақ» Қауымдастығының «Ашық ой» пікірталас клубының қонағы болды. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары клубтың 2012 жылғы алғашқы қонағы болды.
Қайрат Шораұлы А.А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университін бітірген. Кездесуде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының мәселелері, әлемдік саяси аренадағы ахуал қарастырылды.
Қайрат Сарыбай «Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті» кітабының авторы, «Астана – өмір әуені» кітабының Бас редакторы, «Қазақстан - Еуразия жүрегі» кітабының редакциялық тобының мүшесі болып табылады. Ежелгі түрік филологиясы, халықаралық қатынастар мәселелері бойынша ғылыми мақалалардың авторы. Түрік, неміс, ағылшын тілдерін меңгерген, Төтенше және Өкілетті Елші дипломат дәрежесіне ие.
Қайрат Шораұлы, қызықты әңгімеңіз үшін алғыс білдіреміз!
Дауыс бергендер:










