Жарғы

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. «Болашақ» Корпоративтік қоры коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Корпоративтік Қордың осы Жарғысына (әрі қарай - Жарғы) сәйкес жүзеге асырады.

1.2. «Болашақ» Корпоративтік қоры, (бұдан әрi – Қор) мына құрылтайшымен  құрылған:

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ»Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы,

Д. Қонаев көшесі, 21/1, 411/2 бөлме.

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі: №4684–1900-ҚБ, Қазақстан Республикасының әділет Министрлігімен 09 қаңтар 2009 жылы берілген, БСН 010540002005, СТН 620300210986, БИК: KZKOKZKX, ОКПО коды 39616906, «Казкоммерцбанк» ААҚ Ақмола филиалындағы ИИК (IBAN) KZ089261501116631005  Астана қ.

1.3. Қор жариялық және заңдылық қағидаларымен әрекет етедi.

1.4. Қордың толық атауы:

на государственном языке:  «Болашақ» Корпоративтік қоры;

на русском языке: Корпоративныйфонд  «Болашақ».

1.5. Корпоративтік қордың заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, 181 - көше, №4 ғимарат.

2. ҚОРДЫҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСI

2.1. Корпоративтік Қор Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес Корпоративтік Қордың ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған мүшелiгi жоқ  дербес коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2.2.   Қор  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап заңды тұлға құқығына ие болады. Дербес балансы, банкiлiк есепшоттары, дөңгелек мөрi, мөртабандары, өз аты жазылған бланкiлерi болады.

2.3.  Қор өз мiндеттерi бойынша тек өз мүлкiнiң шеңберiнде ғана жауапты, оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолданылуы мүмкiн.

2.4.  Мемлекет, оның органдары мен ұйымдары Қордың мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, сондай-ақ Қор да мемлекет, оның органдары мен ұйымдарының мiндеттерi бойынша жауап бермейдi.

2.5.   Қор Құрылтайшының мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Құрылтайшы да Қордың мiндеттерi бойынша жауап бермейдi.

3. ҚЫЗМЕТІНІҢ  ПӘНІ МЕН  МАҚСАТТАРЫ

3.1.  Қор қызметінің пәні  стипендиаттардың ерікті сараптамалық қызметін қолдау және дамыту, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін стипендианттардың тәжірибесі мен жігерлерін біріктіру, қазақстандық жастардың шоғырландырылуы мен белсенділігінің артуы.
3.2.  Қор қызметінің мақсаттары:

  • әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу үшін стипендианттардың күштерін, интеллектуалдық, шығармашылық және іскерлік жігерлерін жұмылдыру;
  • Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, әлеуметтік және экономикалық ілгерілеуіне мүмкіндік   туғызатын жасампаздық іс-шаралар өткізу;
  • қайырымдылық мақсаттарға бағытталған іс-шараларды өткізу;
  • стипендианттарға, жас мамандарға біліктіліктерін арттыруда, әлеуметтік-экономикалық және басқарушылық қызметтің жаңа нысандары мен әдістерін, озық отандық және шетелдік тәжірибені меңгеруде көмек көрсету;
  • стипендианттардың тілдесуі мен тәжірибе алмасуына жағдай жасау, өзара қолдауды дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу;
  • стипендианттардың біліктіліктеріне, іс-жүзіндегі тәжірибелеріне және қабілеттеріне сәйкес оларға жұмыс орнын таңдауда жәрдем көрсету;
  • стипендианттардың Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған мемлекеттік қызметінің кадрлық резерві ретіндегі мәртебелерін көтеруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
  • қоғамдық-саяси орта, мемлекеттік басқару, бизнес салаларының мамандарының кәсіби және тұлғалық өсуіне бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
  • өзекті мәселелер, идеялар мен шетелдік тәжірибенің трансферті бойынша кең пікірталастардың бастамашысы болу арқылы елде кәсіби мамандық қауымдастықтың қалыптасуына, ғаламдық үдерістер мен олардың Қазақстанға әсер етуінің сараптамасы мен мониторингін өткізуге жәрдем беру;
  • Қазақстанның ел іші мен шетелде Республиканың жетістіктерін насихаттау, халықаралық және отандық мемлекеттік емес ұйымдар мен зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау жолымен оң беделін қалыптастыруға ат салысу;
  • дәрістер өткізу мен студенттермен кездесулер өткізу, мемлекет пен елдің Президентінің саясатын түсіндіру жолымен жоғары білімді отансүйгіш жастардың қалыптасуына ат салысу;
  • талантты жастарды анықтау мен алға сүйреу, сәйкесінше өз орындарында оларды жүйелі түрде шешу үшін жастар проблемалары туралы мағлұматтар жинау;
  • нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірлеу мен оларды сәйкесінше мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға бағыттау;
  • әлеуметтік-экономикалық өмірдің түрлі салаларында әлеуметтік, ғылыми-қолданбалы, форсайтингілік зерттеулер жүргізу мен белең алған мәселелерді тиімді шешу бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
  • Конференциялар, сонымен бірге, халықаралық, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, конкурстар мен басқа да іс-шараларды өткізу;
  • заңмен бекітілген тәртіпте ғылыми, оқу, ақпараттық және насихаттаушылық материалдарды, сондай-ақ, кезеңдік басылымдарды басып шығару мен тарату;
  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының жүзеге асырылуына қатысу;
  • жаңа ғылыми-техникалық  жетістіктерді жобалау, әзірлеу және ендіру;
  • іскерлік этикет курстарын, ресми хаттамаларды, шет елдердің әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін әзірлеу және жүргізу.

3.3. Қауымдастық өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Қауымдастықтың кәсіпкерлік қызметтен алған табыстары Қауымдастық мүшелері арасында үлестіріле алмайды, алайда Қауымдастықтың жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге жұмсалады. 
3.4.  Жеке қызмет түрлері Заңнамаға сәйкес Қауымдастықпен тек лицензия негізінде ғана іске асырыла алады.

4. ҚОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1.  Жарғылық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін Қор мыналарға құқылы: 

  • өз қызметінің бағдарламалары мен жоспарларын өз бетінше әзірлеуге және            бекітуге; 
  • бекітілген тәртіпте Құрылтайшының шешімі бойынша өзінің клубтарын, мектептерін және  Қазақстан Республикасының заң актілерімен қарастырылмаған болса басқа да заңды тұлғаларды ашуға;
  • кез келген қызмет үдерісінде кез келген азаматтық-құқықтық қатынастарға кіруге; 
  • өз қызметі мәселелері бойынша отандық және шетелдік мекемелермен, ұйымдар мен олардың өкілдіктерімен іскерлік қатынастарға кіру;
  • іс сапарлар мен сынақ істерін ұйымдастыру, соның ішінде Қордың қызметімен байланысты мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық мамандарды қатыстыру;
  • мүшелердің іс-сапарлары мен сондай-ақ, шетелдік тағылымдамаларын ұйымдастыру, Қордың қызметімен байланысты мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық мамандарды тарту;
  • республикалық және жергілікті мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдардың ұсынысы бойынша олармен ұсынылатын материалдардың тәуелсіз сараптамасын ұйымдастыру;
  • Қордың мақсаттық әлеуметтік-экономикалық, қайырымдылық және сондай-ақ, коммерциялық негіздегі басқа бағдарламаларын және жобаларын қаржыландыруды іске асыру;
  • өз меншігіндегі ғимараттар, құрылыстар, тұрмыстық қорлар, құрылғылар, бұйымдар, ақша қаражаттары, құнды қағаздар мен басқа мүлікті пайдалануға және иелік істеуге;
  • меншікте немесе уақыты шексіз пайдалануда жер телімдерін иемдену;
  • білім беру, ғылыми-зерттеу, өндірістік, сауда және басқа шаруашылық қызметті жүргізу, кәсіпкерлік қызмет бойынша табыстар мен шығындарды есептеу;
  • жарғылық мақсаттарды орындау үшін Құрылтайшының келісімі бойынша салымшы ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерде қатысуға, коммерциялық емес ұйымдар құруға, Қауымдастықтар мен одақтарға кіруге;
  • өз атынан келісім-шартар, шарттар, келісімдер түзу, мүліктік және мүліктік емес құқықтар иемдену мен міндеттемелер арқалау, дербес баланс иемдену, және қажет болған жағдайда Қорға кіретін құрылымдар баланстарын, теңге мен шетелдік валютада ел іші мен одан тыс аумақтарда өз шоттарын иемдену, соттық органдарда талап етуші мен жауап беруші болу;
  • Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге құқықтар мен кез келген қызмет түрін іске асыру.

4.2.  Қор  міндетті:

  • Қазақстан Республикасының заңдарын орындау;
  • салықтар мен басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген тәртіпте бюджетке төлеу;
  • өз міндеттемелері бойынша иелігіндегі барлық мүлкімен жауап беру;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік тарту.

5. ҚОРДЫҢ МҮЛКIН ҚҰРУ КӨЗДЕРІ

5.1. Құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсiмдер, ерiктi мүлiктiк жарналар, заңдарда белгіленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан, қызмет көрсетуден түскен түсімдер (кіріс); акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер)  бойынша алынған дивиденттер; заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер, заң актiлерiне сәйкес Қордың мүлкiн құрау көздерi болып табылады.

6. ҚОРДЫҢ  БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚҰЗЫРЕТІ

6.1. Қордың басқару органдары мыналар:

  • Жоғарғы басқарушы орган – Қордың Құрылтайшысы;
  • Әрдайым әрекет етуші алқалық басқару органы -Қамқоршылық Кеңес;
  • Атқарушы орган – Директор;
  • Бақылаушы орган – Тексеру комиссиясы.

7. ҚОРДЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

7.1. Қордың жоғарғы органы оның Құрылтайшысы болып  табылады. Оның айрықша  құзыретiне:

  • Қордың құрылтай құжаттарын қабылдау, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
  • әрдайым әрекет етуші алқалық басқару органы мен алқалық органды анықтау, олардың есептерін тыңдау және бекіту;
  • Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату;
  • Қор қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;
  • Қордың басқару органдарының құзыретін, ұйымдық құрылымын, оларды құру және өкілеттіктерін тоқтату тәртібін айқындау;
  • Атқарушы органның, қамқоршылық кеңестің қаржылық есеп беру тәртібі мен кезектілігін, сондай-ақ  бақылау органымен тексеру жүргізу тәртібін анықтау және олардың нәтижелерін бекіту;
  • заң актілерімен белгіленген шекте қоғамның  басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкілдіктерін құруы немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау мәселелері.
Қордың жоғары басқару органының ерекше құзыретiне заң актiлерiне сәйкес осыҚор қызметнiң басқа мәселелерi жатқызылуы мүмкiн.

Құрылтайшы Қордың қызметіне байланысты кез-келген мәселелерді қарауға құқылы.

8. ҚОРДЫҢ АЛҚАЛЫҚ БАСҚАРУ ОРГАНЫ

8.1. Қордың әрдайым алқалық  басқару органы болып Құрылтайшымен 3 жыл мерзіміне белгіленген, құрамын өзгерту құқығымен бір мерзімге сайлана алатын Қамқоршылық Кеңесі табылады. Қамқоршылық Кеңес Құрылтайшыға есеп береді.

8.2. Қамқоршылық Кеңес  төрағадан, Төрағаның орынбасарынан, Хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Төраға үш жылдық мерзімге сайлана алады және бір мерзімге ғана қайта сайлана алады. Төраға Қамқоршылық Кеңестің отырысын жүргізеді. Отырысқа Қамқоршылық Кеңес Төрағасы қатыса алмаған жағдайда оны Төраға орнынбасары алмастырылады. Төраға өз міндеттерін орындай алмаған жағдайда мерзімінен бұрын өз құзырынан бас тартуы мүмкін.

8.3. Қамқоршылық Кеңестің Отырысы қажет болған жағдайда, бірақ тоқсанына 1 реттен кем емес шақырылады. Қамқоршылық Кеңестің Отырысы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы дауыстарының жартысынан көбі қатысса құқылы болып есептелінеді. Шешімдер Қамқоршылық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік ашық дауыстарымен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

Қамқоршылық Кеңестің мүшесі мынадай жағдайларда өз құзырынан айрылады:

  • Қамқоршылық Кеңестің  шешімдерімен анықталған міндеттемелерді орындамағанда;
  • Қамқоршылық Кеңестің шешімдерін орындамаған жағдайда;
  • Қамқоршылық Кеңестің отырыстарына үш рет белгілі себепсіз қатыспаған жағдайда.

8.4. Қамқоршылық Кеңестің құзырына кіретіндер:

  • өз құрамынан Төрағаны, Төраға орынбасарын, Хатшыны сайлау;
  • Құрылтайшының келісімі бойынша директорды (атқарушы органды) қызметіне тағайындау және босату;
  •  Жарғыда көрсетілген мақсаттардың сәйкестілігіне бақылау жасауды жүзеге асыру;
  • Қордың  стратегиялық және тактикалық басқарылуын жүзеге асыру;
  • Қор стратегиясын, әдістемелігін, инновационндық технологияларын және міндеттерін әзірлеу;
  • уәкілетті органдар мен Құрылтайшыға белгіленген уақытта барлық қажетті есептемелерді ұсынумен қамтамасыз ету;
  • Құрылтайшының келісімі бойынша Қор жұмысшыларының штаттық санын, құрылымын,  олардың  жұмысшыларының еңбек ақылары  мен материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету шарттарын, олардың шығындарын  анықтау және бекіту;
  • олардың орындалғандығы  туралы есепті тыңдау және шығындар сметасын бекіту;
  • Қордың келешектегі және  кезекті міндеттерін анықтау;
  • Қордың тоқсандық, жылдық жоспарларын қарау және бекіту;
  • Құрылтайшының және Тексеру комиссиясының құзырына кірмейтін Қор қызметінің басқа да мәселелерін қарау және бекіту.

8.5. Қордың Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы және оның орынбасары:

  • Қордың Құрылтайшысының шешімдерінің орындалуын, Қамқоршылық Кеңестің жұмыстарын ұйымдастырады;
  • Қордың әркүнгі тәжірибелік қызметін, мемлекеттік, қоғамдық,  басқа да ұйымдармен іскерлік байланыстарын жүзеге асырады;
  • Қор мүдделеріне ел ішінде және шетелде де өкілдік ете алады.

Қордың Қамқоршылық басқару органының құзырына заң актілеріне сәйкес Қор қызметіне байланысты басқа да мәселелер қаралуы мүмкін.

9. ҚОРДЫҢ АТҚАРУ ОРГАНЫ

9.1. Қордың атқарушы органы Директор болып табылады.

9.2. Директор Құрылтайшының және Қамқоршылық Кеңестің  шешiмдерiн орындау мақсатында  жұмыс iстейдi. Жарғыға сәйкес Құрылтайшының  және Алқалық органының  құзыретiне кiретiн сараптардан басқа Қордың ағымдағы құзыретiне байланысты барлық мәселелердi шешедi:

  • арнайы сенiмхатсыз Қор атынан жұмыс жүргiзе алады, барлық отандық және шетелдiк органдар мен ұйымдарда оның мүдделерiн қорғай алады;
  • қызметтiң барлық бағыттары бойынша  келiсiмдер бекiтедi, сенiмхаттар бередi, банктерде есеп шоттар ашады;
  • бекітілген шектеулерге сәйкес ағымдағы шығындар сметасын құрады және бекітеді;
  • Қор қызметiнiң нәтижелерi жөнiнде есептер дайындап, оны Құрылтайшының бекiтуiне бередi;
  • өз құзыры шеңберiнде Қор қызметiне жататын мәселелер бойынша  қажеттi ережелер мен нұсқауларды жасап бекiтедi;
  • белгіленген тәртіппен Қор құзырына жататын мәселелер бойынша ұйымдармен ынтымақтасады;
  • Қордың әркүнгі тәжірибелік қызметін жүзеге асырады;
  • Қордың жұмыс құжаттарын шығарады;
  • Қордың ағымдағы жұмыс жоспарын, шаралардың кестесін құрады және бекітеді;
  • Қор қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да өкiлеттiктi атқарады.

10. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

10.1.  Қордың  қызметіне бақылау жасау мақсатында кем дегенде екі адамнан тұратын Тексеру комиссиясы үш жыл мерізіміне құрылады. Тексеру комиссиясы комиссиясы тек қана Қордың  құрылтайшысына есеп береді. Тексеру комиссиясы мүшелері Кеңес отырысына қатысуға құқығы бар. 

10.2.  Қордың  шаруашылық-қаржылық және басқа қызметін тексеруді Тексеру комиссиясымен жылына кем дегенде бір рет жүргзіледі. Тексерістер және бақылаулар Қордың  жұмысының кәдімгі режимін бұзбауы тиіс.

10.3. Тексеру комиссиясы Қордың  лауазымдық тұлғаларынан оған барлық қажетті материалдарды, бухгатерлік және басқа құжаттрды ұсынуды талап етуге құқылы.

10.4. Тексеру комиссиясы онымен өткізілген тексерістер нәтижелерін Қордың  Жиналысына бағыттайды.

10.5. Тексеру комиссиясы жергілікті орындарда Қордың  барлық мүлгін қарау және бақылауды және жыл бойы жүргізілген жұмыстарды, сонымен қатар Қордың  тиісті шығындарын тексеруді жүргізе алады. 

10.6. Тексеру комиссиясы Қордың  барлық құжаттарына сөзсіз қол жеткізу құқығына ие. Бақылау комиссиясының талабы бойынша Атқарушы директор және Қор қызметкерлері қажетті түсініктемелерді жазбаша немесе ауызша нысанда беруге міндетті.

11. ҚОР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI, ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТI

11.1. Қор қызметкерлерi  келiсiм-шарттық негiзде құрылады. Жалдау, жұмыстан босату, еңбекақы мен материалдық ынталандыру  түрлерi мен мөлшерiн Директор бекітілген бюджетке сәйкес шешедi. Жекелеген мiндеттердi орындау үшiн Қор штаттан тыс қызметкерлер, сарапшылар мен мамандар тартуға құқылы. Мұндай жағдайда еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

11.2. Қор мақсатына қол жеткiзу үшiн және Қор қызметiнiң пәнін қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қаржы-шаруашылық қызметтi жүзеге асырады.

12. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖЫЛ, ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУШIЛIК

12.1. Қордың қаржылық жылы әр күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарынан басталып, егер Қазақстан Республикасы заңдарынан басқа жағдай белгiленбесе, отыз бiрiншi желтоқсанда аяқталады. Қордың алғашқы қаржылық жылы  Қор тiркелген күннен басталып, сол жылғы отыз бiрiншi желтоқсанда аяқталады.

12.2. Қордың есебi мен есеп берушiлiгi Қазақстан Республикасы заңдарының талабына сәйкес жүргiзiледi.

12.3. Қор жылына бiр рет қаржы қызметiн тексерудi жүзеге асыруға мiндеттi.

13. ҚОР ҚЫЗМЕТIНIҢ ТОҚТАТЫЛУЫ

13.1.  Қор Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде, осы Заңнамада, басқа да заң актілерінде және осы Жарғыда көрсетілген тәртіпте қайта ұйымдастырылуы мүмкін. Қорды қайта ұйымдастыру біріктіру, қосу, бөлу, қайта құрылу және заңнамада көрсетілген басқа да түрде жүргізілуі мүмкін.

13.2. Қайта құрылған жағдайда қордың мүлкi құқық қабылдаушыға Құрылтайшылар белгiлеген жағдаймен көшедi.

13.3. Қорды ерiктi түрде тарату Құрылтайшылар белгiлеген тарату комиссиясы арқылы жүргiзiледi.

13.4. Тарату комиссиясын белгiлеген кезден бастап Қор мүлкi мен iстерiн басқару өкiлдiгi Қазақстан Республикасының  заңдарына  сәйкес тарату комиссиясына өтедi. Тарату комиссиясы Қордың мүлкiн бағалайды, несиешiлердi анықтап, олармен есеп айырысады, үшiншi жақ алдындағы Қор қарыздарын төлеу жөнiнде шаралар қолданады, тарату балансын құрып, Құрылтайшылардың бекiтуiне ұсынады немесе таратылу жағдайында соттың шешiмi  бойынша сәйкес органға ұсынады.

13.5. Қор Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес соттың шешімі бойынша таратылуы мүмкін.

14. ТАРАТЫЛҒАН КЕЗДЕГІ МҮЛІКТІ ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ

14.1. Несие  берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiк Жарғыда белгiленген мақсаттарға бағытталады.

15. ҚОРДЫҢ ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРТУЛЕР

МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

15.1. Қор Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар оның жоғарғы органы- Құрылтайшының шешімі бойынша енгізіледі. 

16. ФИЛИАЛДАР МЕН ӨКІЛДІКТЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

16.1. Қор Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.

Құрылтайшы

«Қазақстан Республикасы

Президентінің «Болашақ»

Халықаралық стипендиясы

стипендиаттарының қауымдастығы»ҚБ,

атқарушы директор тұлғасында

Ж. Тулегенова

122 Басып шығару