«Болашақ»-2011: Болашақтың іргесін бірге қалайық

Бүгін Алматы қаласында «Болашақ»-2011: Болашақтың іргесін бірге қалайық» түлектер Форумы өткізілді. Іс-шараға «Болашақ» бағдарламасының түлектері «Болашақ» Қауымдыстығы Кеңесінің Төрағасының орынбасары, «Казкоммерцбанк» АҚ Басқарушы директоры Мағжан Әуезов, «Business Media Group» Бас директоры Арман Идрисов, АО «Казтелерадио» төрағасының 1-ші орынбасары Азат Машабаев, АО «Сбербанк» төрағасының орынбасары Шухрат Садыров, әкімдік жанындағы жастар саясаты ісінің басқарма бастығы Бахтияр Макен және басқалар қатысты.

Болашақтықтар өздерін кәсіби біліктілігі жағынан ғана көрсетіп қоймай, сондай-ақ, белсенді түрде өз азаматтық ой-пікірлерін білдіріп, іс жүзінде қоғамның дамуына, отандық өкіметтік емес сектордың қалыптасуына, қазақстандық жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға қатысуда. Елбасының саясатының арқасында мемлекетте Қазақстанның болашағы болып табылатын жастардың үйлесімді тәрбиеленуі үшін барлық жағдай жасалған.

Форум шеңберінде қазіргі еңбек нарығындағы ахуал бойынша әр түрлі семинарлар, тренингтер және дәрістер өткізілді. «KPMG» тексеру бөлімінің менеджері Елена Аверина, «Делойтт» басқару серіктесі Даррел Хэдэуей, «Евразийский банк» АҚ бас директоры Гульнара Мусина және бизнестің басқа да өкілдері болашақтықтармен, Қазақстандық оқу орындарын бітіруші түлектермен және түрлі саладағы мамандармен өз білімімен, тәжірибелерімен бөлісіп, ой қозғап, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту, жұмысқа бейімдеу мәселелері де қаралды. Қаржылық институттар мен ірі қазақстандық компаниялардың басшылары қатысқан бос қызмет орындары жәрмеңкесінде шет елде, елімізде беделі бар жоғары оқу орындарының түлектері жұмысқа орналасу мен еліміздегі қазіргі еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпарат ала алды.

 Осыдан 17 жыл бұрын ашылған президенттік «Болашақ» стипендиясының түлектерінің саны бүгінгі таңда 3,5 мыңнан асады. Шамамен алғанда, олардың жартысы еліміздің жеке секторында, ширегі ұлттық компаниялар мен мемлекеттің үлесі бар компанияларда, ширегі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік мекемелерде еңбек етуде. Сонымен бірге, отанымыздағы жоғары оқу орындарының түлектері еліміздің мамандық резервінің негізін құрайды. Осыған орай, «Болашак» Қауымдастығы осы форумды Қазақстанымыздың жастары үшін еліміздегі еңбек нарығын бірігіп қалыптастыруға себепші болады деген ойда.

Бұл форумда «Болашақ» Қауымдастығы бірнеше ұйымдармен, түлектерді жұмысқа орналастыру жайында «Ынтымақтастық жөнінде меморандум»-ға қол қойды.

08.12.2011 2688 0 0 Басып шығару Досты шақыру
Дауыс бергендер:

Жауаптар:

RSS

Пікір жазу: