Фантаст-жазушылар мен футурологтардың Бірінші Халықаралық Конгресі

Фантаст-жазушылар мен футурологтардың Бірінші Халықаралық Конгресі
Үстіміздегі жылдың 30 қарашасы күні Астана қаласында фантаст-жазушылар мен футурологтардың Бірінші Халықаралық Конгресінің ашылу рәсімі өткізілді. Конгресс қараша айының 30-ы мен желтоқсан айының 2-сі күндері аралығында Назарбаев университетінде өткізіледі. Конгресс Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен адамның Ғарышқа алғашқы сапарының 50-жылдығына орай жарияланған «Байқоңыр» Қоғамдық Премиясының ақырғы іс-шарасы болып табылады. Премия әлемдік ғылыми-фантастикалық ілімнің дамуы мен Ғарышты игеру ісіне қосқан үлесі үшін беріледі.

Конгресс қонақтары мен «Байқоңыр» премиясының қазылар алқасының мүшелерінің арасында әйгілі фантаст-жазушы Сергей Лукьяненко, Ресей мен Украинаның Жазушылар одақтарының мүшесі Василий Головачев, Санкт-Петебург қаласындағы «Terra Fantastica» баспасының директоры Николай Ютанов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Орынбай Жанайдаров, фантаст, астроном, Қазақстанда ғылыми-фантастикалық романдардың негізін қалаушы Жүніс Сахиев және тағы басқалар бар.  

Конгресс шеңберінде премия лауреаттарының туындыларының «Байқоңыр. Заманауи қазақстандық фантастика» атты жинағының презентациясы өткізіледі. Кітапқа әдеби байқаулардың 25 жеңімпазының ғылыми-фантастикалық шығармалары енді. Премия іс-шараларының шеңберінде оқушылар арасында Республикалық және жастар арасында Халықаралық «Байқоңыр-2011» әдеби байқаулары өткізілді. Байқауларға Қазақстанның барлық өңірлерінен, Қырғызстаннан, Ресейден, Біріккен Араб Әмірліктерінен авторлардың мыңнан астам әңгімесі жиналды. Халықаралық байқау 1 наурыз бен 12 сәуір аралығында 18-35 жас аралығындағы жас жазушылардың қатысуымен, республикалық байқау 12 сәуір мен 12 шілде күндері аралығында 14-18 жас аралығындағы балалардың қатысуымен өткізілді. Байқаулардың мақсаты - гуманизмге, азаматтылыққа, әдеп пен моральдің жалпыадами құндылықтарына деген ұстанымға бағытталған тұрақты өмірлік дүниетанымды қалыптастыру, ғылыми фантастика және фэнтези жанры шығармашылығын жастар арасында ынталандыру және таныту арқылы қазіргі Қазақстан әдебиетін дамыту. Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің туындылары «Байқоңыр» фантастикалық альманахында, «Простор» әдеби-көркем журналының үстіміздегі жылдың 11-ші нөмірінде, жастарға арналған «Молодые и дерзкие» журналында жарияланды. Премия іс-шаралары туралы толығырақ ақпаратты  www.baykonyr.kz сайтынан алуға болады. 

Конгресс 30 қараша күні сағат 19:00-де «Қазақстан» Орталық концерт залында «Мумий Тролль» тобының концертімен ашылады. Концерт шеңберінде топ Илья Лагутенко жазушы Василий Авченкомен бірлесіп жазған «Владивосток-3000» фантастикалық кітабының презентациясы өткізіледі. 

Жазушылардың қолтаңба-сессиялары Астана қаласында «Мега» сауда-сауық орталығындағы «Меломан» дүкенінде өткізіледі: Илья Лагутенко – 30 қараша, 17:00, Сергей Лукьяненко - 1 желтоқсан, 19:00, Василий Головачев – 2 желтоқсан, 13:30.

Ұйымдастырушылар: «Астана-Байкоңыр» қоғамдық қоры, «Болашақ» Қауымдастығы, «KAZNET media» ЖШС. Серіктестер: ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ, Астаны қаласының әкімдігі, «Назарбаев Университеті» АҚ, «Эйр Астана» АҚ,  «Казақтелеком» АҚ, «Теле 2» және «Меломан» компаниялары. 

Конгресс жайлы толығырақ ақпаратты congress.baykonyr.kz сайтынан алуға болады.  


30.11.2011 1424 0 0 Басып шығару Досты шақыру
Дауыс бергендер:

Жауаптар:

RSS

Пікір жазу: