
Оңтүстік астанада өткен жылдың соңғы жексенбісі күні "Сиқырлы түн" жаңа жыл балы өткізілді. "Болашақ" Қауымдастығының мүшесі Дария Қансейітованың бастамасына Қауымдастықтың Алматы қаласындағы филиалы қолдау көрсетті.
"Қазақстан" қонақ үйіндегі "Салтанат сарайында" өткізілген іс-шараға жұртшылықты өз сәнімен таң қалдырған 50 жұп қатысты. Балды осы ерекше іс-шараға бірнеше ай дайындалған 14 жұптың орындауында салтанатты полонез ашты. Полька биі, ирландтық степ – бал қонақтары тамашалаған билерінің кішкене бөлігі ғана. Билерге қоса қонақтао болашақтықтардың орындауында музыкалық туындыларды тамашалап, байқаулар мен ойындарға қатысты. Залдың әрбір бұрышы мерекелік көңілге бөленді.
Дәстүр бойынша мерекелік кештің соңында балдың үздік жұпы таңдалды. Бұл атаққа Әсет Серғазы мен "Болашақ" стипендиясының иегері, Данди университетінің түлегі Баян Оспанова ие болды.
Балға қатысқан барлық қонақтарға сыйлаған мереке мен шаттық үшін алғыс білдіреміз!
Келе жатқан жаңа жылыңызбен, достар!
«Сиқырлы түн-2012» кешінде кезедскенше!