2010 жылдың 4 қыркүйегі күні Астана қаласындағы «Prime» LOUNGE BAR-ында Республикалық «Қайырымдылықты сыйла» акциясының шеңберінде қайырымдылық концерт өткізілді.
2010 жылдың 12 тамызы күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 19.00-де «Өмір үшін» қайырымдылық акциясының шеңберінде Ернар Мыңтаев басқаратын Ғ. Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті аспаптар квартетінің, Романовтың A'capella Band хорының және Батырхан Шүкеновтың қатысуымен концерт өтті.
2010 жылдың 30 маусымы күні Бурабай курорты аймағында Қауымдастық кеңесінің мүшелері Алтай Көлгінов пен Аспан Дастан ІІ жастар инновациялық білім беру лагеріне жиналған жас көшбасшылармен кездесу өткізді. Негізгі тақырып - қазақ тілі мәселесі мен қазақстандық патриотизмді дамыту.
Өткен демалыста болашақтықтар Қазақстанның алуан аймақтарынан жиналып, ІІ жастар инновациялық білім біру лагеріне қатысқан «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшыларымен кездесті. Бахтияр Мәкен, Болат Берсебаев, Бақыт Есімова және Дәрмен Сәдуақасов патриотизм мен ұлттық идеяның не екендігі туралы айтып берді.
Өткен демалыс күндері ІІ жастар иноовациялық білімі беру лагерінің қатысушыларына «Парфюмеры» рок тобымен бірге қонаққа «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі Дәурен Төлеуханов келді
Туылған күніңізге орай біздің шынайы және жылы құттықтауларымызды қабыл алыңыз! Сіздің кәсіби біліктілігіңіз, қажырлығыңыз және өзіңізді жетілдіруге деген мәңгілік ұмтылысыңыз «Болашақ» Қауымдастығының барлық мүшелері үшін үлгі болып табылады.
2010 жылдың 30-шы шілдесі күні болашақтықтар «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған ІІ жастар инновациялық білім беру лагерінің қатысушыларымен кездесті. Арман Идрисов пен Данат Жумин адамның өз бойындағы көшбасшылық қасиеттерді қалай дамыта алатыны және биліктің не екендігі жайлы баяндап беру мақсатымен келді.
Осы аптаның сейсенбісі күні «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі, ҚР БҒМ тәрбие жұмысы мен жастар саясаты департаментінің төрағасы Мадияр Қожахмет ІІ жастар инновациялық білім беру лагеріне келген жас көшбасшылармен кездесу өткізді. Кездесудің бас тақырыбы Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, оның бағыттары мен болашағы болды.
Өткен демалыс күндері «Болашақ» Қауымдастығы Бурабай курорты аймағында болып қайтты. «Жас Отан» ұйымдастырған ІІ инновациялық білім беру лагерінің шеңберінде Қанат Сәрсембаев пен Әсел Әбдіқаева еліміздің түрлі аймақтарынан жиналған жас қазақстандық көшбасшылармен өз тәжірибелерімен бөлісті.
2010 жылы шілде айының 23-і күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «SocialCamp Astana 2010» әлеуметтік конференциясының шеңберінде «Болашақ» Қауымдастығы Қауымдастықтың атқарушы директорының орынбасары Қалиева Көгершіннің жетекшілігімен «Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысындағы инновациялық технологиялар» секциясын өткізді.