27.07.2010
«Ескінің негізінде жаңаны жасап шығара білу» Қанат Сәрсембаев.

Өткен демалыс күндері «Болашақ» Қауымдастығы Бурабай курорты аймағында болып қайтты.  «Жас Отан» ұйымдастырған ІІ инновациялық білім беру лагерінің шеңберінде Қанат Сәрсембаев пен Әсел Әбдіқаева еліміздің түрлі аймақтарынан жиналған жас қазақстандық көшбасшылармен өз тәжірибелерімен бөлісті. 

«Болашақ» Қауымдастығының мүшесі, халықаралық қатынастар саласында PhD докторы Әбдіқаева Әселдің дәрісі көшбасшылық қабілеттерді дамыту тақырыбында өтті.   Оның пікірінше, ең басты көшбасшылық қабілет болып қиын жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алу және эмоциялық біліктілікті сақтай білу табылады. Алайда, бұл қабілетті дамыту тұлғаның біраз жұмыс жасауын қажет етеді. «Әрдайым білімдеріңді арттырып отырыңдар. Тоқтап қалмаңдар. Сеніңдер және басқаларға да өз жігерлеріңді таратыңдар». Нағыз көшбасшы, сонымен қатар, өз сөзін ұстап, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуі тиіс. «Кейбір адамдар қиыншылықтарды көреді, ал кейбір адамдар бұл мәселелерді шешу жолдарын көреді. Бұлар - нағыз көшбасшылар», - деп түйіндеді өз ойын Әсел.

Инновациялық лагерь үшін арнайы жасалған интерактивті тренинг шеңберінде «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты Қанат Сәрсембаев  жастарға өзінің мемлекеттік қызметтегі онжылдық тәжірибесі жайлы әңгімелеп, бастаушы көшбасшы үшін сәттілікке жетудің қыр-сырын ашып берді. Қанаттың айтуынша, көшбасшы жағдайды анықтай біліп, қойылған мақсатқа жетудің нақты жолын таба алуы тиіс. Көшбасшының оның қасында жүргендер оны сынай жүретінін түсініп, олардың қолдауына тек олардың пікірлерін тыңдап, ескерген жағдайда ғана қол жеткізуге болатынын ұғынғаны жөн.  Сіздің адалдығыңыз бен өз ісіңіздің дұрыс екеніне деген сенімділігіңіз сіздің кәсіби мансабыңыздың қозғаушысы болмақ. Дегенмен, Қанат Сәрсембаевтың ойынша, заманауи көшбасшы үшін ең маңызды қасиет - ескінің негізінде жаңаны жасап шығара білу.

Сөз соңында, Қанат Сәрсембаев, Президентпен маусым айындағы кездесудің қатысушыларының бірі ретінде, Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің ұрпағымыздың металлургияның негізінің қалануы мен тың игеруді атқарған ұрпақтан ешбір кем емес екеніне сенетіндігін айтты.   «Біз де олар секілдіміз, өз елімізді осында және дәл қазір гүлдендірудеміз. Қазақстанымыздың ертең қандай болатыны бізге байланысты», - деді ол.

Тимур Базарбаев.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан