23.07.2010
Болашақ ұсынған жаңартпалар

2010 жылы шілде айының 23-і күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «SocialCamp Astana 2010»  әлеуметтік конференциясының шеңберінде «Болашақ» Қауымдастығы Қауымдастықтың атқарушы директорының орынбасары Қалиева Көгершіннің жетекшілігімен «Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысындағы инновациялық технологиялар» секциясын өткізді.

«Social Camp Astana 2010» конференциясының мақсаты - қоғамдық сектордың дамуына жаңа қарқын беру мен оның таяу жылдардағы жұмыс бағыттарын анықтау. Қауымдастық мүшелері ұйымдастырылған фандрейзинг мәдениеті, ҮЕҰ секторындағы кадр қиыншылығы, әлеуметтік мәселелерді шешу мен халықпен жұмыс істеу секілді қоғамдық сектордың мәселерге арналып ұйымдастырылған пікірталас пен тренингтерге белсене қатысты.

Мысалы, «Болашақ» Қауымдастығының ақпараттық-сараптау секторының меңгерушісі Дмитрий Саначев инновациялық жобаларға Интернет арқылы тиімді ақпараттық қолдаудың кең таралған әрі қарапайым әдістері жайлы әңгімеледі. Мысал ретінде Қауымдастықтың «Жаңа шешім» атты республикалық инновайиялық сайысы алынды.  Осы жылдың күзінде жүзеге асырылатын бұл жоба қазақстандық жастардың инновациялық мәдениеті мен эксперттік қызметін дамытуға бағытталған және, «Жаңа шешімді» жасап шығарушылардың бірі Жанна Төлегенова атап өткендей, жобаларды бағалау барысында оларды жүзеге асыру мүмкіншілігіне ерекше көңіл аударылады. Бизнес жүзеге асырылуы мүмкін жобаларды тани білетіндіктен, ол тек шын мәнінде инновациялық сипаты бар және пысықталып жасалған жобаларға ғана қаржы бөледі. Жобаларды осылай бағалау инновацияларды коммерциялау қажеттілігіне негізделеді. Нағыз инновация бәсекелестік ортасында өміршең болуы тиіс. Сондықтан да жобаларды бағалауға экономика және қаржы секторының өкілдері қатысады деп түйіндеді өз ойын Жанна Төлегенова.

«МИТ kz» ЖШС директоры Игорь Рыбкин программалаудан машығы жоқ болған жағдайда да жеке сайтты жасаудың қарапайым және кең таралған әдістері жайлы әңгімеледі. Ол кәсіби емес веб-дизайнға қатысты қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, кейбір қате ақпараттар мен пікірлерді жоққа шығарды. Қауымдастық мүшесі Арман Досқалиевтің баяндамасы, өз кезегінде, Қазақстанда қызмет ететін ҮЕҰ-лар үшін инновациялық технологиялардың маңыздылығына арналды.  Әлемде қолданылып жүрген инновациялық технологияларды салыстырып, Арман шетелдік әдістерді Қазақстанда енгізу ел аймақтарындағы білімнің сапасының артуына әкеледі деген тұжырымға келді. Қазір ол осы мәселенің тұжырымдамасын жасауда.

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 707 669, 8 701 177 27 05 info@bolashak.kz; timur_bazarbayev@mail.ru

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан