11.06.2010
Қызылорда облысына мақсатты трансферттер есебінен 571 млн. 456 мың теңге қаржы бөлінді

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -Қызылорда облысындағы халық саны және басқа да көрсеткіштерге сәйкес «Бизнестің жол картасы-2020» бағдар­­ламасы шеңберінде мақсатты трансферттер есебінен 571 млн. 456 мың теңге қаржы бөлінді.

Оның ішінде аталмыш бағдарламадағы басым бағытқа ие болып отырған несие пайызын субсидиялауға 179 млн. 184 мың, несиелерді кепілдендіруге 81 млн. 446 мың, ал сервистік қызмет көрсетуге 32 млн. 579 мың теңге қаралған. Сондай-ақ шетел нарығына тауар тасымалдаушыларды қолдауға 81 млн. 447 мың және инфрақұрылымды дамыту бағытына 196 млн. 800 мың теңге қаражат қарастырылған.

Қазіргі таңда аймағымызда 54 инвестициялық жоба іріктеліп отыр. Осы жобалардың жүзеге асуы барысында өңірде 7929 жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейін төмендету жоспарлануда.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан