10.06.2010
ҚР Есеп комитетінің төрағасы Люксембург Ұлы Герцогтігінің Есеп соты Марк Женглэмен кездесті

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - ҚР Есеп комитетінің төрағасы Өмірхан Өксікбаев Люксембург Ұлы Герцогтігіне ресми сапары аясында аталған елдің Есеп соты Марк Женглэмен кездесті, деп хабарлады Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, ынтымақтастық туралы келісім жасауға қызығушылық танытты.

Сонымен қатар методология саласында және жоғары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібінде тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді. Кәсіби оқыту және кадрлардың біліктілігін арттыру саласында өзара белсенді әрекеттесу жоспарлануда.

Люксембург Ұлы Герцогтігінің есеп соты - бұл мемлекеттік жоғары қаржылық бақылау орган.

Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан