10.06.2010
Альянс банктің корпоративтік басқару жүйесін нығайту міндеттемелерді қайта құрылымдау үрдісінің бір бөлігі - Басқарма төрағасының кеңесшісі

АЛМАТЫ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әлемдік экономикалық және қаржылық дағдарыс корпоративтік басқару мен тәуекел-менеджменті жүйесінің олқылықтарын ашық көрсетіп берді. Бұл бүгін Алматыдағы «Корпоративтік басқару: дағдарыс сабақтары, жаңа мүмкіндіктер және қолайлы үлгілер» деп аталатын V Халықаралық конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Корпоративтік басқару мен тәукел-менеджменті жүйесі өте төмен деңгейде болды.Шығын заңсыз операциялар салдарынан 1,1 миллиард доллар, несиелер бойынша қосымша провизиялардан 3,3 миллиард доллар болды. Жағымсыз капиталдың көлемі 3,3 миллиард доллардан асты. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, ҚР Ұлттық банкінің барлық пруденцианалдық нормативтері бұзылды», дейді «Альянс банк» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Ғазиз Шаханов. Оның айтуынша, 2009 жылы қаңтар-қазан айларының ішінде заңды тұлғалардың жедел депозиттерінің 89 пайызынан, жеке тұлғалардың жедел депозиттерінің 40 пайызынан айрылды. Ал қайта құру мен қайта капиталдандыру нәтижесінде банктің қаржылық қарызы 4,5 миллиард доллардан 1,1 миллиард долларға дейін азайды. Банк барлық пруденциалдық нормаларды орындайтын болды. Сондай-ақ, акционерлік капиталдың жаңа құрылымы жасалды.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан