10.06.2010
Мұғалімдердің жоғары категорияны алулары үшін талаптар күшейтіледі - Білім және ғылым министрі

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мұғалімдердің жоғары категорияны алу үшін талаптар күшейтіледі.

Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талқылау бойынша өтіп жатқан кеңесте Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жоғары категорияны алудағы аттестациялау кезінде біліктілік талаптары күшейтіледі», деп атап өтті министр. Оның сөзіне қарағанда, мұғалімдерге жұмыс сапасы мен олардың аттестациясына қатысты тиісті талаптар жоғарылайтын болады. Педагогтың дайындық деңгейіне дербес және сыртқы бағалау енгізілмек. Оның ішінде орталықтандырылған тестілеу көмегімен оқытушы біліктілігін тексеру іске асырылады.

Сонымен қатар Ж. Түймебаев мемлекеттік жоғары оқу орындары ректорлары жаңа механизм арқылы тағайындалатынын атап өтті.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан