АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - 2010 жылдың екінші жартысында Интернет қызметін пайдаланғаны үшін тарифті он пайыз төмендету жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Байланыс жәнк ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев елдің мемлекеттік органдар басшыларының ресми блог-тұғырнамасында хабарлайды.
«Қазақтелеком» АҚ осы жылғы маусымның 1-інен бастап, байланыс операторлары үшін тарифтерді бес пайызға төмендетті, ал жылдың екінші жартыжылдығында тарифтердің тағы он пайызға төмендеуі жоспарланады», - деп атап өтті министр өзінің блогында. .
Толығырақ ақпаратты сіздер http://blogs.e.gov.kz/blogs/Zhumagaliev_a сайтынан таба аласыздар.
