11.06.2010
Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы «Жол картасының» іске асырылу барысын талқылауда

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген жиыны өтуде.

Онда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ағымдағы жылғы Жолдауында алға қойған міндеттер тұрғысында Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясының («Жол картасы») барысы туралы мәселелер қаралуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының Жолдауында нақты көрсетілген еліміздің алға жылжу векторы қазақстандықтардың көңілінде таяудағы он жылда дағдарыстан кейінгі орнықты позицияға ие боламыз деген сенім ұялатады. Шын мәнінде биылғы жылы Қазақстан жаңа онжылдыққа экономикалық дамудың қомақты әлеуетімен халықтың, әрбір отбасының тұрмыс жағдайының жақсаруымен аяқ басқалы отыр. Демек, 2009 жыл әлемдік экономика үшін өте күрделі жыл болғанына қарамастан, Қазақстан оң өзгерістерді қамтамасыз етіп, банк секторындағы жағдайды тұрақтандыра білді, жұмыссыздыққа жол бермей, халықтың нақты кірістерінің, әлеуметтік төлемдерінің өсуін қамтыды, тұрғын үй құрылысында үлескерлердің проблемаларын шешіп, елдің инвестициялық тартымдылығын сақтап қалды», деді жиынды ашып сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы, «Нұр Отан» ХДП фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов.

Оның айтуынша, Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Жол картасы» аясында 2009 жылы елімізде жүздеген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік-мәдени сала нысандары, мыңдаған шақырым жолдар, көше,электр, сумен жабдықтау желілері мен жылу трассалары іске қосылған. Мыңдаған адам жұмысқа орналасқан.

«Жол картасы» термині - қазақстандықтар үшін экономикалық дағдарысқа ойдағыдай төтеп беретініміздің және әл-ауқатымыздың бұдан әрі жақсара беретінің кепіліндей орнықты сипат алды. Оның тиімділігі Елбасы Жолдауында да айтылып, жаңа міндеттер қойылды. Сонымен бірге, Президент Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының алдына «Жол картасының» орындалуына, оның қаражатының жұмсалуына бақылау жасауды тапсырған болатын», деді О. Мұхамеджанов.

Жиын барысында «Жол картасының» орындалуы мен алдағы міндеттердің негізгі мәселелері туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев баяндады.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан