09.06.2010
Астанада «Astana Minerals & Metallurgy - АММ 2010» минералдық ресурстар мен металлургия жөніндегі 1-ші қазақстандық халықаралық конгресі өтеді

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ертең, маусымның 10-ы күні Астанадағы «Дипломат» мейманханасында «Astana Minerals & Metallurgy - АММ 2010» минералдық ресурстар мен металлургия жөніндегі 1-ші қазақстандық халықаралық конгресіне арналған баспасөз мәлихаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шараға Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әбдібеков, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов, «Ехро kz» компаниясының Бас директоры Диляра Ибрагимова, «Human Capital Lead» компаниясының Бас директоры Меруерт Ибрагимова қатысады деп күтілуде.

«Astana Minerals & Metallurgy - АММ 2010» минералдық ресурстар мен металлургия жөніндегі 1-ші қазақстандық халықаралық конгресі маусымның 30-ы мен шілденің 1-і аралығында Астанада өтеді. Жобаны ұйымдастырушылар Қазақстан Үкіметі мен елорда әкімдігі, сондай-ақ Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

Конгрестің мақсаты - минералдық ресурстар мен металлургия саласына инвестиция тартуға ықпал ету және экономиканы шикізат өндірісінен ғылымға негізделген өнеркәсіпке бұру. Сонымен қатар Астана қаласын бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік органдардың байланыс алаңы ретіндегі әлеуетін арттыру. Қазақстандық өнім өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау.

Конгрес қала күнін атап өтуге қатысты мерекелік шаралардың қатарында.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан