ПАВЛОДАР. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодарда тараздық суретші Леонид Брюммердің көрмесі ашылады, деп хабарлады көркемөнер мұражайы.
Л. Брюммер - тағдыры ауыр жан, 1889 жылы Херсонда дүниеге келген, әкесі - неміс ұлтының азаматы Брюммер, ал анасы Мария Гутьер - француз. 1910 жылы Киевте сурет училищесінің аға оқытушысы Ф. Кричевский жас баланың талантын байқайды. 1915 жылы Петроградтағы сурет академиясына түскенімен, қазан төңкерісіне байланысты оны аяқтай алмайды.
Өмірінің соңғы жылдарында суретші Киевте, Ялтада Ескі Қырымда, Нальчикте тұрған, сол жерден ол Қазақстанға жер аударылып келген.
