ТАРАЗ. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Жамбыл облысына жұмыс сапары ауқымында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарахан кесенесінде болды.
ХІ ғасырдың сәулет ескерткіші Тараз қаласында Төле би және Байзақ батыр көшелерінің қиылысына орналасқан. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайы құрамына енеді. Ғимараттың үлкен тік бағаналы-күмбезді бөлмесі, сырттан кіретін үш құжырасы және солтүстік-шығыс бұрыштан төбесіне шығатын баспалдағы бар. Тік бағаналардың екі қанаты қалың ұстындармен жақталған. Күмбезі және доғалы аркалары ежелгі тақта қалыпты кірпішпен қаланған. Күмбезі - бүрмелі, оның ұшар басына оюлы ағаш діңгек орнатылған. Орта күмбезді бөлменің ішінде бесік тәрізді сағана орнатылған. Ғимараттың үш қабырғасында үлкен терезелері және үш құжырасының есік маңдайшасынан жоғарыда шағын терезелері бар.
1906 жылы Қарахан кесенесі қайта салынған.
