08.06.2010
Батысқазақстандық бишілер республикалық «Балдәурен-2010» байқауынан бас жүлдемен оралды

ОРАЛ. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қаратөбе ауданындағы «Керім-ай» би ансамблі Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында өткен республикалық «Балдәурен-2010» байқауынан бас жүлдемен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауылға жеңіспен оралған балғын бишілер мен олардың жетекшісі Қарлығаш Қадырбекқызын аудан әкімі Арман Өтеғұлов қабылдап, сыйлықтар тапсырып, құрмет көрсетті.

Аудан басшысы оларға алдағы уақытта да табыс тілеп, таяуда жаңадан салынған мектеп-гимназияның ашылатынын, онда барлық жағдайдың жасалатынын жеткізді. Қ.Қадырбекқызының сөзіне қарағанда, республикалық байқауда қаратөбелік жас бишілер киім киісі, билеу мәнерімен және әдемілігімен ерекшелене білген.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан