07.06.2010
«ҚазАқпарат» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Д.Дияров V Беларус халықаралық медиафорумының жұмысына қатысады

АСТАНА. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат - Маусымның 8-11-і күндері Минскіде өтетін «Беларус - болашақ игілігі үшін әріптестік» V Беларус халықаралық медиафорумына 18 елден 100-ге тарта журналист қатысады, деп хабарлады БЕЛТА агенттігі.

Беларус БАҚ өкілдерінен басқа медиафорумға Ресейден, Әзірбайжаннан, Армениядан, Грузиядан, Түрікменстаннан, Молдовадан, Украинадан, Қазақстаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Литвадан, Латвиядан, Эстониядан, Германиядан, Сириядан және Ұлыбританиядан журналистер қатыспақ. Қазақстандық делегация құрамында «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дәурен Дияров бар.

Медиафорум жұмысы Жеңіс алаңындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен басталады.

«Беларус Республикасы: болашақ игілігі үшін әріптестік» форумының жалпы отырысы маусымның 11-інде Ұлттық кітапханада өтеді, оған 500-ге жуық қатысушы жиналады. Медиафорум шараларына (шеберлік сабақтары, «дөңгелек үстелдер») барлығы брнеше мың мамандар қатысқалы отыр.

V Беларус халықаралық форумының үшкүндік жұмысы ішінде БМУ Журналистика институтының базасында Жазғы журналистика мектебі ұйымдастырылады. Шеберлік сабақтарын белгілі журналистер Халықаралық теледидар және радио академиясының президенті Анатолий Лысенко, «Новые известия» газетінің бас редакторы Валерий Яков, Ресей Журналистер одағының хатшысы, «Медиарынок» журналының бас редакторы Владимир Касютин, Times Энтони Халпин газетінің шеф-тілшісі, Rassia Today арнасының бас редакторының орынбасары Алексей Николов сияқты және басқа да көптеген танымал мамандар өткізеді.

Медиафорум күндері халықаралық журналистер десанты Беларустың кәсіпорындарында болып, МАЗ, БелАЗ, «Горизонт», «Атлант», МТЗ және басқа да ірі беларус ту ұстаушыларының кәсіпорындарының тыныс-тіршілігімен танысады.

Бұдан басқа әртүрлі елдерінің БАҚ өкілдері республиканың аймақтарына шығып, «Хатынь» мемориалдық кешенінде Ұлы Отан соғысының құрбандарын еске түсіруге арналған акция-реквиемге қатысады.

Медиафорумды ұйымдастырушылар - Беларус Ақпарат министрлігі, Халықаралық журналистер одақтары конфедерациясы және Беларус журналистер одағы. Шара Халықаралық теледидар және радио академиясының, Одақтық мемлекеттер тұрақты комитетінің, ТМД мемлекеттерінің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының, Беларус Сыртқы істер министрлігінің және Мәдениет министрлігінің, ТМД Атқарушы комитетінің, сондай-ақ Минск қалалық атқару комитетінің және облыстық атқару комитеттерінің қолдауымен өтеді.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан