08.06.2010
Батыс Қазақстанда М.Шолоховтың 105 жылдығына арналған облыстық өлкетану байқауы өткізілді

ОРАЛ. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Зеленов ауданы Дариян ауылында ұлы орыс жазушысы Михаил Шолоховтың 125 жылдығына арналған облыстық өлкетану байқауы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау екі кезеңнен тұрды. «Донда - мен казакпын, Жайықта - мен қазақпын» атты шығармашылық сында оқушылар М.Шолоховтың Ақ Жайық өңіріндегі өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін көрсетсе, екінші турда олар жазушы туындыларынан үзінділер оқып, көріністер қойды.

Жалпыкомандалық есепте Тасқала ауданының оқушылары жеңімпаз атанса, оралдықтар - екінші, шыңғырлаулықтар үшінші орынды еншіледі. Мәнерлеп оқудан оралдық Айкөркем Қайырманова озық шықса, шығармашылық байқаудан тасқалалық Айнамгүл Өтешева алдына жан салмады.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан