09.06.2010
Футболдан Әлем чемпионаты Астананың LED дисплейлі экрандарында көрсетілетін болады

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Гүлнар Жандағұлова/ - Оңтүстік Африкада өтетін 2010 жылғы футболдан Әлем чемпионатының ашылуы, матчтың бірінші ойыны маусымның 11-і күні Астананың ең үлкен LED дисплейлі экрандарында көрсетілетін болады, деп хабарлайды «Бәйтерек» медиа-орталығы.

Елорда тұрғындары мен қонақтары шілденің 7-сінде болатын екінші жартылай финалды, шілденің 10-ында үшінші және төртінші орындар үшін өтетін ойынды, шілденің 11-күні финал мен жабылу салтанатын Бәйтерек ауданындағы және Каскад бизнес орталығына қарама-қарсы орналасқан үлкен LED дисплейлар арқылы тамашалай алады.

Оңтүстік Африка Республикасы Елшілігінің бірлескен Астана қаласының әкімдігі, «Хабар» агенттігі және BI Media Company компаниясы трансляциялардың ұйымдастырушылары болып отыр.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан