08.06.2010
Қазақстан Хоккей федерациясының кеңсесінде жаттықтырушылардың кезекті жиыны өтті

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Хоккей федерациясының кеңсесінде еліміздің хоккей клубтары басшыларының қатысуымен, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі хоккей бөлімдерінің, сондай-ақ жаттықтырушылар кеңесінің кезекті жиыны болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың қорытындылары шығарылып, регламентке енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайы талқыға салынды. Соның ішінде тапсырыс құжаттарының жаңа талаптарына баса назар аударылды. Тоқтала кететін жайт, жасөспірімдер командалары арасындағы 2010-2011 жылдары чемпионаттың үш туры сегіз жас ерекшелік топтары бойынша өтеді. Сонымен бірге, жиын барысында жасөспірімдер арасындағы алғашқы турдың матчтары өтетін қалалар да айқындалды. Жаңа құрамда шақырылған жаттықтырушылар кеңесінде жалпы барлық құрама командалардың ойындар қорытындысы туралы сөз болды. Сондай-ақ, хоккей клубтарының басшылары Қазақстан Республикасы ерлер арасындағы жоғары лига командаларының ашық чемпионатын өткізу құрылымдары мен регламентін талқылады.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан