07.06.2010
Футбол: Ресейдегі Қазақстан елшілігінің командасы екінші орынға ие болды

МӘСКЕУ. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Смағұлов/ - Ресейдегі Қазақстан елшілігінің командасы футболдан Ресей күніне арналып өткен Х мерейтойлық МГИМО ректорының Кубогы жарысында екінші орынға ие болды.

Өткен жексенбі күні шетел мемлекеттері елшіліктерінің, оқу орындары мен РФ Сыртқы істер министрлігінің 27 командасы МГИМО университетінің стадионында кездесті.

Біздің ойыншылар төрт команданы жеңді, финалда Тәжікстан командасымен кездесті. Қазақстандықтар бірінші таймда алға шыққанымен, екінші таймда тәжіктер есепті теңестіріп үлгерді - 1:1. Пенальтиде қазақстандық команда қарсыластарынан бір допқа артта қалды. Үшінші орын Әзірбайжан елшлігінің командасына бұйырды.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан