26.05.2010
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі осы елге жүктелген міндеттің маңыздылығын көрсетеді - Түркия Президенті А. Гүл

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі осы елге жүктелген міндеттің маңыздылығын көрсетеді. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының алдында сөз сөйлеген Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүл осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан мен Түркиядағы саяси, экономикалық тұрақтылық, жүргізіліп отырған көреген сыртқы саясат пен тарихи тәжірибенің нәтижесінде біздің республикамыз өзге мемлекеттердің әріптес болуын көздейтін алаңға айналды. Қазіргі таңда Түркия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүше, ал Қазақстан беделді халықаралық ұйым саналатын ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуде. Осының өзі біздің мемлекеттеріміздің өңірлік тұрақтылыққа, ынтымақтастыққа үлкен үлес қоса алатынына халықаралық қауымдастықтың білдірген зор сенімінің белгісі. ЕҚЫҰ тарихында батыстан шалғайда орналасқан мемлекеттің аталмыш беделді ұйымға төрағалық етуі Қазақстанға жүктелген міндеттің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетеді», деді А. Гүл.

Сонымен бірге, Түркия басшысы Қазақстан өзінің сындарлы саясаты, өңірдегі елдермен жақын байланысы арқасында ЕҚЫҰ шеңберіндегі проблемаларды, келіспеушіліктерді шешуге де зор үлесін қосатынына сенім білдірді.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан