Перспективалар

Президент Қауымдастыққа жаңа міндеттер қойды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» Қауымдастығы қызметінің жекелей бағыттарын анықтады. Соның ішінде бағдарламаны жүзеге асырудағы оның рөлін көтеру қажеттігі, сондай-ақ оның мүшелерінің зияткерлік және ұйымдастырушылық әлеуетінің нығаюын атап өтті. Осыған байланысты 2008 жылдан бастап Қауымдастық өзінің жұмысын мүлде жаңа бағытта белсенді түрде жүргізе бастады.

Қауымдастық қызметінің қысқа және орта мерзімдік кезеңге арналған іс-шаралар кешені мен нақты бағыттары анықталды. Қауымдастықта стипендиаттармен кері байланысты орнату бойынша жұмыс жүргізілуде. Қауымдастықтың стипендия түлектері және мүшелерінің жеке бірыңғай базасы құрылды, стипендия түлектерінің жұмыспен қамтылуы мониторингі мен талдауы жүргізілуде. Сондай-ақ Қауымдастық өкілдерінің стипендияға үміткерлерді таңдау шараларына қатысу және «Болашақ» стипендиясының іске асырылу сапасын қадағалау мәселесі бойынша жұмыстар жүргізуде. Осылайша, Қауымдастық бір жағынан қоғамдық бақылаушы ретінде, екінші жағынан серік ретінде бағдарламаның ашықтығының кепілі болып отыр. www.bolashak.kz Қауымдастық сайтының жаңа дизайні жасалды.

Сайтты пайдаланушылар соңғы жаңалықтарды қарауға, «болашақтықтардың» мақалаларын алуға, белгілі саясаткерлердің, қоғамдық қайраткерлердің өзекті тақырыптарға байланысты сұхбаттарымен және түсініктерімен танысуға мүмкіндік алады. Сайтта Қауымдастық қызметінің іскерлік аспектілері, сондай-ақ форум, әр түрлі ойын-сауық және т.б. модульдер орналасқан. Сайт жұмысы «Болашақ» түлектерінінің үздіксіз қарым-қатынасына бағытталған. Осылайша, жақын арада сайт «болашақтықтардың» өзекті мәселелерді белсенді талқылауға арналған орталық алаңға айналуы керек.
Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің жолын үлгі ете отырып, Қазақстан күшті және тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру жолындағы өзінің таңдауын жасады. «Болашақ» бағдарламасы елдің кадрлық әлеуетін қалыптастырудағы үлкен мүмкіндік. Ол «қазақстандық жолдың» ең басты сәйкестендіруші факторы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміз үшін қиын да күрделі кезеңде халықаралық стипендия құру туралы ұзақ мерзімге арналған саяси және дұрыс қадам жасағаны бүгін де айқын болып отыр.

Қазіргі күні «Болашақ» бағдарламасы өзінің миссиясының соңғы топтамасын жүзеге асыру кезеңіне еніп келе жатқан уақыт туды деп сеніммен айтуға болады. Еліміз бағдарлама түлектерінен мемлекет пен қоғам өмір-тіршілігінің барлық үрдістеріне белсенді араласа бастайды деп күтіп отыр. Біздің барлығымыз үшін әрбір түлектің және жалпыдай барлығының да әлеуеті, күш-қуаты, оптимизмі мен білімі жоғалмай, Қазақстанның дамуына бағытталатыны маңызды.



 
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан